ХАНТАҒЫ АУЫЛЫНДА ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

_____________

Биыл Хантағы ауылында жол инфрақұрылымын жақсарту, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау және автомобиль жолдарының сапасын арттыру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Атап айтқанда, аудандық маңызы бар Хантағы – Қорық автомобиль жолының асфальт төселмеген 400 метр учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Хантағы көшесінің 300 метр жол учаскесі қайта жаңартылды.

Бұдан бөлек, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпы ұзындығы 5,2 шақырымды құрайтын 5 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Сондай-ақ Хантағы өзені арқылы өтетін Үсенбаев көшесіндегі көпірді реконструкциялау жұмыстары басталды. Аталған нысанның құрылысы 2027 жылға өтпелі болып табылады.

Жол инфрақұрылымын дамытуға бағытталған бұл жұмыстар ауыл тұрғындарының қатынауын жеңілдетуге, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және елді мекеннің инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *