«ЕЛТАНУ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСАДЫ
«Елтану» жобасы аясында ұйымдастырылған ақпараттық-түсіндіру кездесуі қоғамдық келісімді нығайтуға, тұрғындардың құқықтық және діни сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ этносаралық қарым-қатынасты дамытуға бағытталды. Осындай кездесулердің басты ерекшелігі – қоғам үшін маңызды мәселелерді мамандардың қатысуымен талқылап, тұрғындарға қажетті ақпарат ұсыну. Сонымен қатар олар азаматтардың қоғамдық үдерістерге деген қызығушылығын арттырып, заңға құрметпен қарау, жауапкершілік және өзара түсіністік қағидаттарын насихаттауға ықпал…