МАЙДАНТАЛДА ӘКІМДЕРДІҢ ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

✔️Бүгін Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен Майдантал ауылдық округінде халықпен есеп беру кездесуі өтті. Жиын Әйтеке би атындағы мектептің мәжіліс залында ұйымдастырылды.

✔️Кездесуде аудан әкімі Мақсат Асылбекұлы 2025 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстардың негізгі бағыттары мен нәтижелері туралы баяндады. Өз сөзінде аудан басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, ауыл шаруашылығын қолдау, инфрақұрылым мен инженерлік желілерді жаңарту, сондай-ақ елді мекендерді абаттандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.

✔️Майдантал ауылдық округінің әкімі Алмас Саргелтаев 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша есеп берді. Ол ауыл аумағында атқарылған жұмыстар, шешімін күткен мәселелер мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.

✔️Жиынға аудандық дербес бөлімдердің, құқық қорғау және коммуналдық қызмет көрсету мекемелерінің басшылары, денсаулық сақтау саласының өкілдері, ауыл тұрғындары қатысты.
Кездесу соңында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Әрбір сауалға аудан және ауылдық округ әкімдері тарапынан нақты жауаптар беріліп, көтерілген мәселелер бақылауға алынатыны айтылды.

©️Сауран ауданы әкімдігігің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *