✔️Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров жұмыс сапары аясында Жібек жолы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Аудан әкімі 2025 жылдың 9 айында аудан көлемінде атқарылған жұмыстардың қорытындысын баяндады. Әлеуметтік-экономикалық даму бағытында қолға алынған жобалар мен ауылдардың инфрақұрылымын жаңарту шараларына тоқталды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы, білім, медицина және жол жөндеу салаларындағы жұмыстардың барысын нақты деректермен атап өтті.
✔️Мақсат Асылбекұлы өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыру жергілікті басқару жүйесінің басты басымдығы екенін айтты. Жібек жолы ауылдық округінің әкімі Мейрамбек Әшірбеков тоғыз айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын ұсынды. Ол ауылдық округ аумағында іске асырылған жобалар, инженерлік инфрақұрылым, абаттандыру және әлеуметтік нысандарды дамыту бағытында атқарылған жұмыстар туралы хабарлады.
✔️Кездесуге аудандық бөлімдердің басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, коммуналдық мекемелер мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері қатысты. Жиын барысында тұрғындар ауылды дамыту, жол мен су жүйесін жөндеу, және жастарды жұмыспен қамту секілді бірқатар мәселелерді көтерді. Әкімдер тарапынан нақты жауаптар беріліп, көтерілген ұсыныстар мен өтініштер бақылауға алынды.
©️Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі









