26 – МАУСЫМ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІНЕ ОРАЙ АКЦИЯ ӨТТІ.
Аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-сі және аудандық полиция бөлімі, аудандық аурухана, қалалық емхана, “Sergali Turkistan” қоғамдық ұйымның бірлесе ұйымдастыруымен “Төлеби жастары нашақорлыққа қарсы” атты акция ұйымдастырылды.
Іс – шара барысында Ленгір қаласындағы 1-мөлтек ауданында орналасқан ашық кіші спорт алаңшасында әр сала мамандары акция аясында жастарға үгіт насихат жұмыстарын жүргізіп, түсіндірме парақшаларын таратты. Және кіші футболдан жарыс ұйымдастырылып, әндер шырқалып, би кешіне ұласты. Жеңімпаздар мен белсенді жастар дипломдармен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ерлан Кузембаев
Болат Жанәбіл