Шорнақ ауылдық округінде тұрғындардың азық-түлікке қолжетімділігін арттыру мақсатында әр апта сайын әлеуметтік сауда ұйымдастырылып келеді.
✔️М.Темірбаев көшесінде орналасқан «Әлеуметтік сауда орнында» жергілікті шаруалар мен кәсіпкерлердің ауыл шаруашылығы өнімдері арзан бағада сатылады. Әр жұма сайын өтетін бұл саудада аудан және округ тұрғындары күнделікті қажетті өнімдерді делдалсыз, тікелей өндірушіден сатып алу мүмкіндігіне ие.
✔️Бүгін әлеуметтік сауда қатарында тұрғындарға қолжетімді бағамен ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылды. Атап айтқанда, қызыл сәбіз — 180 тг/кг, сары сәбіз — 350 тг/кг, қызылша (свекло) — 180 тг/кг, пияз — 90 тг/кг, картоп — 190 тг/кг, қырыққабат (капуста) — 180 тг/кг, асқабақ — 170 тг/кг, редка — 180 тг/кг бағамен сатылымға шығарылды.
✔️Мұндай әлеуметтік саудалар тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға, бағаның тұрақтылығын сақтауға және жергілікті өнім өндірушілерді қолдауға бағытталған. Ауыл әкімдігі округ тұрғындарын әр жұма сайын өтетін әлеуметтік сауда жәрмеңкесіне белсенді қатысуға шақырады.
ШОРНАҚТА ӘЛЕУМЕТТІК САУДА ОРНЫ ХАЛЫҚҚА ҚОЛЖЕТІМДІ ӨНІМ ҰСЫНУДА