«АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС ОРНЫ» – ЖАСТАРҒА ТАПТЫРМАС МҮМКІНДІК ПЕН ҚОЛДАУ

Жастарды қолдау бағытында «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысу кезеңінің ұзақтығы 18 айға дейін, еңбегіне төленетін ақы мөлшері 30 АЕК-ке дейін. Сондай-ақ, «Алғашқы жұмыс орнына» ҰБТ-дан өтпей қалған түлектер де және жұмыс тәжірибесі жоқ жастар да қабылданады.

Айта кетсек, жыл басынан бері ауданда жоспар бойынша «Алғашқы жұмыс орны» жобасына жұмысқа тартылу нәтижесі жұмыс берушілердің сұранысына сай жоспар артығымен орындалуда.

Бүгінгі кейіпкеріміз Юлдашев Жасур: «Мен бұл жоба туралы Мансап орталығы арқылы білдім. 2024 жылдың ақпан айында жолдама арқылы «АШРАПОВА Х» жеке кәсіпкерлігіне жұмысқа жолдандым. Осы мекемеде бірнеше айдан бері жұмыс жасап келемін. Жоба мен үшін өте пайдалы болуда. Тәжірибе жинақтап, ұжыммен қалай тіл табысу керектігін үйрендім» дейді жас маман.

Тәжірибесі де еңбек өтілі де жоқ, 35 жасқа дейінгі жастардың жұмысқа орналасып, бір жылдың ішінде тұрақты қызмет етіп, біліктілігін молайтуға, салаға төселуге әсер ететін мол мүмкіндік аталған жоба аясында қолжетімді болып, көптеген жастарға көмегі тиіп жатқаны сөзсіз.

About The Author

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *