Төлеби ауданы Аршалы бастауыш мектебінің мұғалімі Аширбекова Рабима Сайфуллақызы
Ұстаз – таудан арқырай аққан тау өзені секілді, айналасына қуат беріп, жолында кездескендерді суымен нәрлендіріп, таудай қиындықтарды тастай домалатып, білімнің сар даласында тыныштық тауып, дамылдайды. Ұстаз – Жер деген әлемнің бетін көркейткен, шәкірттеріне шуақ төккен Күн-Ана. Ұстаз – ақылдың тозбайтұғын асылы. Қасиетті мамандық иелерінің ішіндегі жауһары. Өзге мамандық атаулылары өздерінің түр-сипатын мың құбылтып жатса да, еш өзгеріссіз сол бәз баяғы қалпында жас ұрпаққа адамгершілік қасиеттердің дәнін еккен диқаншы.
Аширбекова Рабима Сайфуллақызы 1964 жылы 04 тамызда Төлеби ауданы, Жамбыл ауылында дүниеге келген.
1971 жылы Майбұлақ сегіз жылдық мектебіне 1 -сыныпқа қабылданып, 1981 жылы Мәдени орта мектебін бітіріп шығады.
1982 жылы Шымкет қаласындағы Шымкент педогогика институтының бастауыш білім методикасы мен педогогикасы факултетінің сыртай студенті атанды.
1987 жылы институтты бітіріп, Майбұлақ сегіз жылдық мектебіне жұмысқа бастауыш пәні мұғалімі болып қабылданып,1988 жылы тұрмыс құруына байланысты «Совет»(қәзіргі Қаратөбе ЖББМ) орта мектебіне ауысты.
1993 жылы Қаратөбе ауылынан қосымша бастауыш мектеп ашылуына байланысты сол мектепке ауыстырылып,1993 жылдан бастап «Аршалы» бастауыш мектебінде бастауыш пән мұғалімі болып қызмет атқарып келеді.
Өзінің қажымай 42 жылдық ұстаздық еткен еңбегінің арқасында мектеп оқушыларының сапалы білім алуына, сонымен қатар аудандық, облыстық, Республикалық деңгейдегі әртүрлі жарыстарда жүлделі орын алуына өз үлесін қосты.
2016-2017 оқу жылында шәкіртердің сапалы білім алуына өз үлесін қосқаны үшін АББ Алғыс хатымен марапаталды.
2018-2019 оқу жылында білімді, саналы шәкірттке үлес қосқаны үшін. Қазақ ұлттық қыздар педогогикалық университеті педогогика және психология факультеті деканынан «Алғыс хаттымен» марапаталды.
2018-2019 оқу жылында оқушылардың сапалы білім алуына улес қосқаны үшін облыстық «Құрмет громатасымен» марапатталды.
2019 жылы «Қазақстан ұстазы» журналына үздік мақала жариялағаны үшін «Құрмет громатасымен» марапатталды.
2020-2021 оқу жылында I Республикалық «Жас математик» олимпиадасында оқушылар жүлделі орын алғаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталды. көлемінде «Зейінді бала» балалар журналының ұйымдастырған «Иляс оқулары» атты конкрусында оқушылары жүлделі орын алғаны үшін «Алғыс хатпен» марапаталды
2021-2022 оқу жылында «Қазақсан ұстазы» журналына мақала жариялағаны үшін «Құрмет громатасымен» марапаталды
2021-2022 оқу жылында «Ұстаздар күні» мерекесі аясында аудандық кәсіподақ комитетінің« Алғыс хатымен» марапатталды.
2022-2023 оқу жылында аудандық кәсіподақ камитетіні «Алғыс хатымен» марапаталды.
2022-2023 оқу жылында қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқаны үшін АББ «Алғыс хатымен» марапатталды.
2020-2023 оқу жылында жастарға сапалы білім беріп рухани байлық пен ұлттық құндылықтарды сіңіріп, ұстаздық жолында еренбей еңбек еткені үшін АББ-нің «Алғыс хатымен» марапаталды.
2023-2024 оқу жылында Республикалық көлемінде «Зейінді бала» балалар журналының ұйымдастырған «Иляс оқулары» атты конкрусында оқушылары жүлделі орын алғаны үшін Алғыс хатпен марапаталды
2023-2024 оқу жылында II Республикалық «Кенгру» ойын курсында оқушылары жүлделі орын алғаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.
2023-2024 оқу жылында аудандық кәсіподақ комитетінің «Алғыс хатымен» марапатталды.