Жыл басынан бері «AMANAT» партиясы Төлеби аудандық филиалының қатарына 138 партия мүшесі қосылды
Бүгін партияға салтанатты қабылдау рәсімінде филиалдың Атқарушы хатшысы Қансейітов Қуанышбек Үсіпәліұлы арнайы партия билетін табыстады.
«Бұл шешімді әрқайсыңыз ойланып, толғанып, жүректен өткізіп барып қабылдады деп ойлаймын. Өйткені, бұл – үлкен сенім әрі зор жауапкершілік. Біздің мүддеміз бір, мақсатымыз бір. Ол – елдегі тұрақтылықты сақтау, Тәуелсіздігімізді нығайту, ұлтты біріктіру. Қоғамды Мемлекет басшысының төңірегіне топтастыру. Бұл жолда бәріміз бір кісідей жұмылуымыз керек»
«Біздің мақсатымыз бір – ол Көк байрағымызды биікте желбіретіп, Тәуелсіздігімізді тұғырлы ету. Біздің Отанымыз бір, туымыз бір, идеологиямыз бен мәдениетіміз ортақ. Сондықтан еліміздің еңсесі бұдан да биік болуы үшін жинаған тәжірибеміздің бәрін ұсына отырып, жанымызды салып жұмыс істеуіміз қажет».
Әр түрлі салада еңбек етіп жүрген азаматтарымыздың Біздің партия қатарына қосылуы – үлкен қуаныш!

