Түйінді тұстар
65,2%
2024 жылғы 3 тоқсандағы жұмыспен қамту деңгейі 15 жастан үлкен жастағы халық санына шаққанда 65,2%, жұмыс күшінің санына шаққанда – 95,4% құрады. Жұмыссыздық деңгейі (Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша) 4,6% құрады. Жұмыссыздар саны (ХЕҰ әдістемесі бойынша) 448,6 мың адамды құрады. Жұмыс істемейтін және білім алумен немесе оқыумен айналыспайтын NEET жастарының үлесі 6,4%-ды құрады.
84,1 мың адам
2024 жылдың қыркүйек айының соңында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ЕХӘҚМ) деректері бойынша халықты жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеп жүрген адам ретінде 84,1 мың адам жүгінген. Жұмыспен қамту бойынша барлығы 54,2 мың іс-шаралар көрсетілді, 2,8 мың адам кәсіптік оқытуға немесе қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілді, 2 мың адам қоғамдық жұмыстарға қатысты.
Жұмыспен қамту деңгейі
Line chart with 2 lines.
пайызбен
The chart has 1 X axis displaying categories.
The chart has 1 Y axis displaying values. Data ranges from 60.2 to 95.7.
End of interactive chart.
.xls файлды жүктеу
Еңбек нарығындағы жағдай
Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу деректері бойынша Қазақстан экономикасының түрлі салаларында 9,2 млн адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде 7 млн адам (экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 76%) жалдамалы жұмыспен, 2,2 млн адам (экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 24%) өзін-өзі жұмыспен қамтыды.
2023 жылдың 3 тоқсанымен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамтылғандар 127,8 мың адамға, негізінен жалдамалы қызметкерлердің (104 мың адамға) есебінен өсті, сонымен қатар өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны (23,7 мың адам) өсті.
Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі сауда (16,7%), білім беру (12,9%), өнеркәсіп (12,5%) және ауыл шаруашылығы (11,8%) салаларында байқалды.
Негізгі жұмыста орта есеппен бір жұмыспен қамтылғанның аптасына нақты жұмыс істеген сағаттары 39 сағатты, бір жалдамалы қызметкерге – 40 сағатты, өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерге – 34 сағатты құрады.
Жұмыссыз, бірақ жұмыс іздемеген немесе жұмысқа кірісуге дайын емес адамдар саны (әлеуетті жұмыс күші) 29,1 мың адамды құрады.
Жұмыс күш құрамына кірмейтін адамдардың үлесі 15 және одан жоғары жастағы халықтың 31,6%-ын құрады.
Еңбек нарығының негізгі көрсеткіштерін қалыптастыру әдістемесі
2024 жылғы 3 тоқсан