Әскери қызмет – бұл Отан алдындағы борышты адал орындау мен жауапкершілік. Әрбір әскери қызметшінің күнделікті қызметі қауіпсіздік пен тәртіпті сақтауды, азаматтардың бейбіт өмірін қорғауды қамтамасыз етумен тікелей байланысты.
Әскери қызметшілердің күні қатаң тәртіппен басталады. Таңертеңгі дене жаттығулары – олардың физикалық дайындықтарын нығайтып, қызметке қажетті күш пен шыдамдылық береді. Жаттығудан кейін сарбаздар оқу-жаттығу сабақтарына қатысып, тактикалық және құқықтық білімдерін жетілдіреді. Олар күн сайын жауынгерлік дайындықтарын арттыру арқылы төтенше жағдайларға дер кезінде әрекет ету қабілеттерін шыңдайды.
Әскери қызметшілердің бір тобы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қала көшелерінде кезекшілікке түседі. Олар заң бұзушылықтардың алдын алып, азаматтардың қауіпсіздігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, табиғи апаттар кезінде немесе төтенше жағдайларда, сарбаздар эвакуация жұмыстарын жүргізуге, зардап шеккендерге көмек көрсетуге белсенді қатысады. Әскери қызметтің басты ерекшелігі – рухани дайындық. Сарбаздарға отансүйгіштік пен азаматтық борышты құрметтеу идеялары ұдайы насихатталады. Ұлттық тарих пен әскери дәстүрлерді дәріптеу мақсатында патриоттық сабақтар өткізіледі. Әрбір әскери қызметші үшін басты мақтаныш – Қазақстан Республикасының бейбітшілігін қорғау. Олар ел алдындағы міндеттерін орындау үшін әрдайым дайындықта, кез келген сынаққа төтеп беруге әзір. Әскери қызметтің әр күні жауапкершілікке толы және ел болашағы үшін маңызды рөл атқарады.
Новости Казахстана