🏐⚽️🏓 2026 жылғы 26 қыркүйек күні Ордабасы ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп мұғалімдері арасында дәстүрлі мұғалімдер спартакиадасы жоғары деңгейде өтті.
💪 Спартакиадаға Ордабасы ауданына қарасты 7 аймақтан құрама командалар қатысып, спорттың бірнеше түрінен өзара бақ сынады.
🏅 Атап айтқанда, жарыстар:
🏐 волейбол;
⚽️ шағын футбол;
🧠 тоғызқұмалақ;
🏓 үстел теннисі;
🎯 асық ату;
🥎 бес асық;
🏀 стритбол спорт түрлері бойынша ұйымдастырылды.
🔥 Жарыс барысында ерлер және әйелдер құрамалары спорттық шеберліктерін көрсетіп, ұйымшылдық пен командалық рухтың жоғары үлгісін танытты.
🥇 Жалпы командалық есеп бойынша:
🏆 І орын – Қажымұқан аймағы – 157 ұпай
🥈 ІІ орын – Қараспан аймағы – 129 ұпай
🥉 ІІІ орын – Шұбарсу аймағы – 114 ұпай
👏 Барша қатысушыларды көрсеткен белсенділігі мен спорттық бәсекедегі жоғары нәтижелерімен құттықтаймыз!
🌟 Ұстаз – ұрпаққа білім беріп қана қоймай, салауатты өмір салтын қалыптастырудың да жарқын үлгісі.
🤝 Спорт – денсаулық кепілі, ал бірлік – жеңістің негізі!

ҰСТАЗДАР СПАРТАКИАДАСЫ – СПОРТТЫҚ БІРЛІК ПЕН ЖЕҢІСТІҢ МЕРЕКЕСІ! 🏆