🇰🇿 Түркістан облысы прокурорының бірінші орынбасары С. Келдібековтің тапсырмасымен Төлеби ауданында маңызды инвестициялық жобаларды прокурорлық сүйемелдеу мақсатында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ғимаратында кездесуі өтті.
✅ Жиынға аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов, аудан прокуроры Дастан Мырзағали, «Атамекен» ҰКП аудандық филиалының директоры Маржан Мұсаева, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері қатысты. Сондай-ақ, Ұлттық пулға енген кәсіпкерлік субъектілері – «Monotrans», «Kazplast», «Jasyl Qyat», «Тауэнерго», «Зерде-Фарма» ЖШС-лері мен «Қазығұрт бақтары» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің өкілдері шақырылды.
↪️ Кездесуде инвестициялық жобаларды іске асыру барысында кездесетін құқықтық және әкімшілік кедергілерді жою, инвесторлармен кері байланысты нығайту және олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері қаралды.
📍 Аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы инвестиция тартудың өңір экономикасы үшін маңыздылығын атап өтіп, әкімдік тарапынан жер телімдерін бөлу, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, рұқсат құжаттарын рәсімдеу сияқты бағыттарда қолдау көрсетілетінін жеткізді.
✅ Жиын қорытындысында нақты жобалар аясында туындаған мәселелерді шешу бойынша жауапты мекемелерге тапсырмалар берілді.
📌 Мұндай кездесулер Төлеби ауданында инвестициялық ахуалды жақсартуға, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға және мемлекеттік органдар мен бизнес арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі






