✔️Сауран ауданы әкімдігінде аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен кезекті апталық мәжіліс өтті. Жиынға бөлім басшылары мен жауапты мекеме өкілдері қатысып, күн тәртібіндегі мәселелер қаралды.
✔️ Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ильяс Мырзахметов Сауран ауданы бойынша индикаторлық көрсеткіштердің орындалу барысын баяндады. Ол әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі параметрлері бойынша атқарылған жұмыстарды және алдағы жоспарларды атап өтті.
✔️Келесі кезекте Түркістан облысы, Түркістан қаласы және Сауран ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқарма бастығы Дилмұрад Нұржанов көктемгі әскерге шақыру науқанының қорытындысы мен күзгі науқанға дайындық шаралары жайында мәлімет берді.
✔️Сондай-ақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дәуірхан Асылбеков әлеуметтік саладағы өзекті мәселелерге тоқталды. Оның ішінде жұмыссыздық деңгейін төмендету, әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға көмек көрсету бағытындағы жұмыстарға назар аударылды.
✔️Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Мақсат Таңғатаров баяндамаларда көтерілген мәселелерді назарға алып, тиісті жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді. Ол халыққа сапалы қызмет көрсетуді және жоспарланған көрсеткіштердің уақытылы орындалуын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
©️Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі





