ДЕНГЕ САУЛЫҚ ДЕРТКЕ ШИПА СЫЙЛАЙТЫН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ҚОҒАМДАҒЫ МӘРТЕБЕСІ ӘРКЕЗ БИІК

Ежелгі Грек елінің ғұламасы Гиппократтың: «Дәрігер — Құдайға жақын адам» немесе «Данышпандықты іздесең — соның бәрі де медицинадан табылады» деген өсиеті медицина саласының қызметкерлері үшін басты ұстаным екеніне көзім жетті.

Уақыт зымырап өтіп жатыр. Міне, ота жасатқаныма да бір аптадан асып жатыр. Аяғыма тұрдым, денсаулығым қалпына әсте- әсте келіп жатыр.
Ота жасап, денсаулығымның қалпына келуіне ықпал жасаған Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев мырза басқарған Түркістан облысына қарасты Шымкент қаласында орналасқан клиникалық аурухананың нейрохирургия бөлімінің басшысы Бақтияров Асқар Қосылбайұлының ұжымына алғысым шексіз!!!🙏

Нейрохирургия бөлімінде жатқан науқастарға ерекше мейіріммен, баппен қарайтын ақ халатты абзал жандардың тынымсыз, қажырлы еңбектерін атап өтпеске болмайды. Күні- түні ерекше бақылауды талап ететін науқастардың әрқайсысына жіті назар аударылып, сауығып кетулеріне барлық жағдай жасалған. Ота жасап келген сәттен бастап, сауығып кеткенге дейінгі жұмыстар жүйеге қойылған. Әрбір науқастың кереуетінің жанында кнопка бар, егер де қандай да бір қажеттілік болса кнопканы бассаңыз болғаны. Мейір бикелер, кіші қызметкерлер лезде келіп Сізге қажетті жұмысты атқарады. Палаталарды күніне бірнеше рет жуып, сүртіп, кварцтап, хлорлап тұрады. Мед бикелер дәрігерлердің кеңесі бойынша ем- домдарды жүргізеді. Әрбір науқас жіті бақылауда. Бұл бөлімдегі науқастардың басым бөлігі тұрмай, төсекте жататындар. Ұжымның жұмысының бір жүйеге қойылғандығының арқасында шағымданып, немесе өкпе- ренішін айтқан науқас жоқ. Дәрігердің еңбегі мен жұмсаған энергиясының ең басты бағасы – ауру адамға көрсеткен көмегі.
Бөлімнің науқастарға беретін тамағының өзі тойымды, құнары бар. Тамақ таратушы қызметкерлердің өздері асты күлімдеп ұсынады. Тамақты жатып жеу әрине қиын, сол кезде осы ас таратушы қызметкерлер тамақ жеуге көмектескенде ерекше бір әсерде боласың.😊

Дәрігердің беделі ауру адаммен тіл табысуда үлкен роль ойнайды. Ең бірінші кезекте дәрігерден терең білім, яғни науқасты мазалайтын мәселені сабырлы, дұрыс және тез түсініп, оның жылдам және толық сауығуына лайықты жол таба білу талап етіледі. Дәрігердің әр әрекеті мен ісінде әрдайым басты мақсат ауру адамды емдеп жазу. Дәрігердің өмірі – бұл ешқашан бітпейтін университет. «Дәрігердің басты міндеті – өмір бойы қоғам үшін оқу»деген беделді клиницист А.А.Остроумовтың сөзі бүгін де маңызын жойған жоқ. Дәрігердің қарапайымдылығы – ең қажетті қасиеттердің бірі. Міне осы қасиеттер бөлім меңгерушісі Асқар Қосылбайұлының және осы бөлімнің дәрігерлері Әлібек Үсенұлының, Ұлықбек Гафуржановичтің, Бота Болатқызының тағыда көптеген басқа осы бөлімнің дәрігерлерінің бойларынан табылады.
Осы нейрохирургия бөлімінің науқастарының атынан айтарым тек АЛҒЫС! АЛҒЫС! АЛҒЫС!

Дәрігерлер жүрегінде Гипократ антын сақтап еңбек етеді, өмір сүреді. «Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты» деген А.Шопенгауэрдің сөзін ескерсек, өз ісінің білгірі атанған мықты дәрігер адамға бақыт кілтін табыстаушы ғажап жан. Батпандап кірген кеселдің мысқылдап шығуының өзі дәрігердің кәсіби білімі мен тәжірибесіне тікелей байланысты. Дәрігер ең алдымен ауру адамды ықыласпен тыңдай білуі, жылы сөзімен үміттендіре білуі қажет. Дәрігердің айтқан сенімді, ақылға қонымды, жылы сөзі сырқатқа қорқынышты жеңуге көмектеседі, оның сауығып кетуіне деген сенімін нығайтады.

Халыққа осы деңгейде жұмыс жасай беріңіздер. Алла дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық берсін. Отандық медицина саласының жеткен жетістіктерін өз көзімізбен көрдік. Жаңа технологияларды ұтымды пайдаланып, нейрохирургия саласының қарқындап дамып кележатқанына қуаныштымыз. Денге саулық, дертке шипа сыйлайтын дәрігерлердің қоғамдағы мәртебесі де осыған байланысты. Сондықтан да заманауи, уақыт сұранысына жауап беретін, емделушінің талап-тілегін қанағаттандыратын медицина қызметкерлерінің қоғамдағы мәртебесі әркез жоғары болып қалмақ.



Я убежден, что заповедь ученого древнегреческой страны Гиппократа: «врач — человек, близкий к Богу» или «ищи гений — все это найдется в медицине» является главным принципом для работников медицинской сферы.

Время летит незаметно. И вот уже больше недели я делаю операцию. Встала на ноги, здоровье восстанавливается.
Спасибо коллективу руководителя отделения нейрохирургии клинической больницы г. Шымкент Туркестанской области во главе с руководителем Управления здравоохранения Туркестанской области г-ном Асханом Байдувалиевым, который провел операцию и способствовал восстановлению моего здоровья Бактиярова Аскара Қосбайұлы!!!🙏

Нельзя не отметить упорный, кропотливый труд Абзалов в белых халатах, которые относятся к больным, находящимся в отделении нейрохирургии с особой добротой и вниманием. Каждому из пациентов, требующему особого наблюдения днем и ночью, уделяется пристальное внимание и созданы все условия для выздоровления. Работа с момента операции до выздоровления поставлена в систему. У каждого пациента есть кнопка рядом с кроватью, и все, что вам нужно сделать, это нажать кнопку, если есть необходимость. Добрые сестры, младшие сотрудники мгновенно придут и выполнят необходимую вам работу. Палаты моют, протирают, кварцевают и хлорируют несколько раз в день. Медицинские сестры проводят лечение по совету врачей. Каждый пациент находится под пристальным наблюдением. Большинство пациентов в этом отделении-это те, кто лежит в постели, а не встает. Из – за того, что работа коллектива выстроена в единую систему, нет ни жалующихся, ни жалующихся пациентов. Главная цена труда и затраченной энергии врача-помощь больному человеку.
Питание, которое отделение дает больным, сытное, сытное. Сотрудники, раздающие еду, сами улыбаются. Есть пищу лежа, конечно, сложно, и тогда вы окажете особое влияние, когда эти работники по раздаче еды помогут вам есть.😊

Репутация врача играет большую роль в общении с больным человеком. В первую очередь от врача требуется глубокое знание, то есть умение спокойно, правильно и быстро понять проблему, которая беспокоит пациента, и найти подходящий путь к его быстрому и полному выздоровлению. В каждом поступке и поступке врача всегда главная цель-вылечить больного человека. Жизнь врача-это бесконечный университет. Слово авторитетного клинициста А. А. Остроумова»главная задача врача – учиться для общества на протяжении всей жизни ” до сих пор не утратило своего значения. Простота врача-одно из самых желанных качеств. Вот эти качества и есть у заведующего отделением Аскара Косеновича и врачей этого отделения Алибека Усеновича, Улугбека Гафуржановича, боты Болатовны и многих других врачей этого отдела.
От имени пациентов этого отделения нейрохирургии хочу сказать только благодарность! Спасибо! Спасибо!

Врачи трудятся, живут, сохраняя в сердце клятву Гипократа. » Девять из десяти нашего счастья связаны с нашим здоровьем”, – сказал А. Шопенгауэр, который, будучи знатоком своего дела, вручил ключи к счастью человеку-сильному доктору. От профессиональных знаний и опыта врача напрямую зависит сам факт насмешек над вошедшим в болото кеселем. Врач должен, прежде всего, уметь выслушивать больного с энтузиазмом, надеяться на добрые слова. Уверенное, разумное, доброе слово, произнесенное врачом, поможет больному преодолеть страх, укрепит его веру в выздоровление.

Дайте народу поработать на этом уровне. Да здравствует Алла Дендер, Да здравствует ваша семья. Своими глазами мы увидели достижения отечественной медицины. Мы рады, что благодаря рациональному использованию новых технологий нейрохирургическая отрасль стремительно развивается. От этого зависит и статус в обществе врачей, дающих Денге здоровье, исцеление от болезней. Поэтому статус медицинских работников в обществе, отвечающих современным, своевременным запросам, удовлетворяющих потребности пациента, всегда остается высоким.

About The Author

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *