ОТБАСЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ КАРТАСЫ ДАЙЫНДАЛЫП, ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАР САПАЛЫ ЖҮРГІЗІЛУІ ҚАЖЕТ

Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Төлеген Телғараевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Жиынның күн тәртібіне үш мәселе қаралып, талқыға алынды.
Төлеби ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Рабиға Бейсебаева елімізде алғаш рет әлеуметтік кодекс қабылданғанын, Кодекстегі өзгерістердің бірі отбасының цифрлық картасы дайындау қажеттігін сөз етті. «Отбасының цифрлық картасы дегеніміз – еліміздегі отбасылардың дербес дерекқоры. Бұл дерекқор мемлекеттік органдардың қазіргі ақпараттық жүйелері негізінде қалыптастырылып жатыр. Оны енгізудегі мақсат – халықтың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қол жеткізуін қамтамасыз ету», деді бөлім басшысы Рабиға Ермекбайқызы.
Жиын барысында отбасы деректері цифрландырылуына орай атқарылатын жұмыстар барысы талқыланды. Сондай-ақ, отбасылық цифрлық картасындағы Д және Е деңгейдегі отбасыларға қатысты деректерді өзектендіру мәселесі сөз болды.
D және Е санаттағы азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету, бойынша аудан әкімінің 2024 жылы 16 тамыздағы № 475 қаулымен жұмысшы топ бекітілді. 10 ауыл округте және облыс деңгейінде ауыл әкімдері және әлеуметтік салаға жауапты мамандарының қатысуымен цифрлық карта жүйесін түсіндіру масатында семинарлар өтті.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе ауданның жылу беру маусымына дайындығы туралы Серғазы Қалдыбаев хабарлады. Төлеби ауданы бойынша 2024-2025 жылдарға жылу беру маусымына нысандарды дайындау туралы атқарылатын іс-шара жоспары бекітіліп, жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жүргізілді. Ленгір қаласы №1 мөлтек ауданындағы жылу беру қазандығы ғимаратында 3 дана қазандық орнатылған, аталған мекеме тарапынан жылулардың жұмыс істеу режиміне тексеру жүргізіліп, сығымдау жасалды. Қатты отынды қолданатын бюджеттік мекемелерге 1929 тонна көмір толық тасымалданып, жылу беру маусымына дайын.
Сондай-ақ, бөлім басшысы Серғазы Даулетбекұлы Төлеби ауданы аумағында инженерлік-коммуникация жүйелері бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабарлады. 2024 жылға жалпы 487,3 млн теңге қаралып, 36,2 ш.қ құрайтын 27 жол орта жөндеуден өткізілуде. Қостөбе елді мекеніндегі «Балдыберек» өзені арқылы өтетін көпірді күрделі жөндеу жұмыстары бойынша мердігер «ABC Group KZ» ЖШС тарапынан бүгінге екінші өткелге 12 дана бетонды блоктар қойылып, арматура өріліп, бетін бетондауда. Одан бөлек өткелді бөлікке 9 дана квадраттық бетонды блоктар орнатылуда. Темір конструкциялы перилалары әзірленуде. Жалпы жұмыстарды 15 қыркүйеке дейін аяқтау жоспарлануда. Ал, Ханарық елді мекеніндегі «Балдыберек» өзені арқылы өтетін көпірді күрделі жөндеу үшін ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың қарауына ұсынылған. Сараптама қазан айында шығады.
Аудан көлемінде 2024 жылы жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысы туралы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Құттымұрат Тұрғынбаев баяндады. Кұттымұрат Байдуллаұлы аудандағы тұрғын үй, «Жайлы мектеп», жаңа массивтердегі инженерлік-коммуникация жүйелеріндегі құрылыс жұмыстарының барысымен таныстырды.
Тұрғын үй саласы бойынша қазіргі кезде Ленгір қаласы Қапал батыр көшесі бойында 5 қабатты 3 үйдің құрылысы басталған. «Vek Stroy Com» ЖШС мердігер мекемесі 60 пәтерлі және 48 пәтерлі, мердігер мекеме: «МОЛШЫЛЫҚ» ЖШС –і 48 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын жүргізуде. Құрылыс жұмыстары 2025 жылға өтпелі. Сондай-ақ, инвесторлар: «Тау Бетон» ЖШС, «Ынтымак-ОК» ЖШС-і 120 пәтердің құрылысын жүргізуде. Құрылыс жұмыстары желтоқсан айында аяқталады деп күтілуде.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында ауданда 3 жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде. Мердігер мекеме: «Construction Group SAMRUK» ЖШС. Алатау мөлтек ауданы, Қайнар, Зертас, Көксәйек, Қаратөбе, Момынай, Бірінші Мамыр елді мекендеріндің жаңа массивтеріне инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылысы қарқынды жүруде. Көксәйек елді мекеніндегі спорт кешенінің құрылысы 2024 жылдың желтоқсан айында аяқталады деп жоспарлануда. Кемеқалған ауылдық округінде «Қарақуыс» су қоймасы салынып жатса, «Жастар ресурстар орталығы» ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы сала басшыларына атқарылып жатқан жұмыстардың сапалы жүргізілуін және мерзімінде аяқталуын тапсырды.

About The Author

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *