ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау құзыреті бойынша Шымкент қаласының мансаптық орталығының (әрі қарай – Орталық) көрсететін «Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік қызметіне қатысты жеке тұлғаның шағымы қаралды.
Қарау барысында, атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтың өтініші қағидаға сай бола тұра Орталық тарапынан тіркеуден бірнеше рет негізсіз бас тартылып, атаулы әлеуметтік көмек тағайындалуға жатпайтындығын негізсіз мәлімдегендігі анықталды.
Нәтижесінде, Департаменттің ұсынымы негізінде Орталықтың бұзушылыққа жол берген қызметшісінің тәртіптік жауапкершілігі қаралып, өтініш иесіне атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, құқығы толықтай қалпына келтірілді.
Сонымен қатар, аталған бұзушылықтардың алдағы уақытта қайталануына жол бермеу мақсатында, қаланың 5 ауданы бойынша әр Орталықтың қызметшілеріне алдын алу жұмыстары жүргізілді.
Новости Казахстана