Сауран ауданы әкімдігінде өткен кезекті аппараттық мәжілісте өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатар, Мемлекет басшысы айқындаған энергияны тиімді пайдалану, жасыл экономиканы дамыту және инфрақұрылымды жаңғырту бағытындағы жұмыстардың орындалу барысы да назардан тыс қалған жоқ.
Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров жауапты сала басшыларына бюджет қаражатын тиімді әрі мақсатты игерудің маңызын атап өтіп, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде энергия үнемдеу талаптарын сақтауды тапсырды.
Жиында елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарымен қатар, тұрғындарға қолайлы әрі экологиялық қауіпсіз орта қалыптастыру мәселелері қаралды. Бұл бағыттағы жұмыстар жасыл экономика қағидаттарын кезең-кезеңімен енгізуге және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға негізделгені айтылды.
Сонымен қатар, аудан аумағын газдандыру, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және энергия тиімді технологияларды енгізу жөніндегі жобалардың орындалу барысы тұрақты бақылауда екені атап өтілді. Мемлекеттік саясатқа сәйкес, халық арасында энергияны үнемдеу мәдениетін қалыптастыру мен экологиялық жауапкершілікті арттыру жұмыстары да жалғасады.
Аппараттық мәжілісте денсаулық сақтау саласының жай-күйі де талқыланып, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, алғашқы медициналық-санитариялық қызмет сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар сараланды.
Жиын қорытындысында аудан әкімі жауапты басшыларға мемлекеттік бағдарламалар аясындағы жобаларды сапалы әрі уақытылы орындауды, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын және энергия тиімділігі мен экологиялық тұрақтылыққа бағытталған бастамаларды жүйелі ж үзеге асыруды тапсырды


