2025 жылдың басынан бері Сауран ауданында ауыл шаруашылығы саласында 6,8 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 102 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Осы мақсатта биыл ауданда жалпы құны 16,4 млрд теңгені құрайтын 13 ірі инвестициялық жоба іске асырылуда. Бұл туралы Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен брифинг барысында мәлімдеді.
Ауданға қарасты Шаға ауылдық округінде келесі жылы «Eco-Chiken» ЖШС өз жұмысын бастайды. Ет бағытындағы құс фермасының жобалық құны 2,5 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорын толық қуатында іске қосылғаннан кейін өңірді ғана емес, еліміздің өзге аймақтарын да құс етімен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады. Сонымен қатар «Ақ Сауран» ЖШС-нің 700 гектар алқапқа жаңбырлатып суару қондырғысын орнату жобасы жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Аталған жобаның құны 1,5 млрд теңге. Бұған қоса, бірнеше ірі мал бордақылау алаңдары мен жылыжай кешендері де ауданның ауыл шаруашылығы саласының дамуына тың серпін бермек.
Аудан әкімі Мақсат Асылбекұлының айтуынша, өңірлік өнім көлемін арттыру мақсатында 2030 жылға дейінгі ауданның даму жоспары 3 бағыт бойынша әзірленген. Аталған кезеңге дейін жалпы құны 209,3 млрд теңгені құрайтын 254 инвестициялық жобаны іске асыру және 4 162 жаңа жұмыс орнын құру көзделіп отыр. Ал 2025 жылдың соңына дейін медициналық жиһаз, тұрмыстық химия, құрылыс материалдары, тағам өнімдері және өзге де тауарларды өндіретін 30 өндірістік нысан ашылады. Бұл жобаларға 100 млрд теңге инвестиция тартылып, 1 500 жаңа жұмыс орны құрылады деп күтілуде.
Аудандағы тарихи нысандарға келуші туристер саны да жыл сайын артып келеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өңірге 100 мыңға жуық турист келген. Сауран ауданында барлығы 54 тарихи нысан орналасқан, оның 3-еуі республикалық маңызға ие. Саланы дамыту мақсатында биыл жалпы құны 5,3 млрд теңгені құрайтын 9 инвестициялық жоба іске асырылады. Соның нәтижесінде 164 адам жұмыспен қамтылады. Сонымен қатар Үшқайық ауылдық округінде минералды су көздерін тиімді пайдалану мақсатында емдік-сауықтыру және демалыс аймағын құру үшін 20 гектар жер телімі бөлінді. Алдағы уақытта бұл аумақта 14 жоба жүзеге асырылып, 5 млрд теңге инвестиция тартылады.
Аудан әкімі өңірдегі инфрақұрылым саласындағы оң өзгерістерге де тоқталды. Қазіргі таңда ауданға қарасты 33 елді мекеннің 32-сі ауыз сумен қамтылған. Өткен жылы 14 елді мекеннің ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, ал биыл Ескі Иқан, Жүйнек, Қазақстанның 30 жылдығы, Егізқара елді мекендерінің су жүйелері жаңартылып, тұрғындар тәулік бойы таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
Электрмен қамту бағытында 2024 жылы жергілікті бюджет есебінен 56 трансформатор ауыстырылды. Сонымен бірге «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС есебінен 17 шақырым электр желісі жаңартылып, 4 трансформатор орнатылды. Биыл бюджет қаражаты есебінен қосымша 12 трансформатор орнату жоспарланған. Сондай-ақ аталмыш серіктестік арқылы 5 трансформатор қойылып, 13 шақырым электр желісі ауыстырылады.
Өңірдегі табиғи газбен қамту көрсеткіші 43,3 пайызға жетті. Жыл соңына дейін қосымша 1 790 абонент газ желісіне қосылып, нәтижесінде аудан тұрғындарының 45,6 пайызы көгілдір отынды тұрақты пайдалануға мүмкіндік алады.
———————————————————————————————————-
Развитие Сауранского района: инвестиции, сельское хозяйство, туризм и инфраструктура
С начала 2025 года в Сауранском районе в сфере сельского хозяйства произведено продукции на сумму 6,8 млрд тенге. До конца года данный показатель планируется увеличить до 102 млрд тенге. Для достижения этих целей в текущем году в районе будут реализованы 13 крупных инвестиционных проектов на общую сумму 16,4 млрд тенге. Об этом сообщил аким Сауранского района Максат Тангатаров на брифинге с представителями средств массовой информации.
В сельском округе Шага в следующем году начнет работу ТОО «Eco-Chiken». Стоимость проекта мясной птицефермы составляет 2,5 млрд тенге. После выхода на полную мощность предприятие позволит осуществлять поставки мяса птицы не только в пределах области, но и по всей стране. Также до конца текущего года планируется завершение проекта ТОО «Ак Сауран» по установке дождевальной оросительной системы на площади 700 гектаров стоимостью 1,5 млрд тенге. Существенный вклад в развитие аграрной отрасли также внесут новые откормочные площадки и тепличные комплексы.
Кроме того, по словам акима района, в целях увеличения объема регионального продукта разработан план развития до 2030 года по трем направлениям. В рамках данного плана предусматривается реализация 254 инвестиционных проектов на сумму 209,3 млрд тенге с созданием 4 162 рабочих мест. До конца 2025 года планируется открытие 30 производственных объектов в сфере медицинской мебели, бытовой химии, строительных материалов, пищевой промышленности и других отраслей. Объем инвестиций составит 100 млрд тенге, будет создано 1 500 новых рабочих мест.
Отмечается и рост туристического потенциала района. По итогам прошлого года регион посетили порядка 100 тысяч туристов. На территории Сауранского района насчитывается 54 исторических объекта, из которых 3 имеют республиканское значение. В текущем году запланирована реализация 9 инвестиционных проектов в сфере туризма на сумму 5,3 млрд тенге, что позволит трудоустроить 164 человека. Кроме того, в сельском округе Ушкайык выделен земельный участок площадью 20 гектаров для создания лечебно-оздоровительной и рекреационной зоны. В дальнейшем здесь планируется реализация 14 проектов с объемом инвестиций 5 млрд тенге.
Положительная динамика наблюдается и в развитии инфраструктуры. В настоящее время 32 из 33 населенных пунктов района обеспечены питьевой водой. В прошлом году проведен текущий ремонт систем водоснабжения в 14 населенных пунктах, в текущем году аналогичные работы будут выполнены в населенных пунктах Старый Икан, Жуйнек, 30 летие Казахстана, Егизкара, с обеспечением круглосуточной подачи воды.
В 2024 году за счет средств местного бюджета произведена замена 56 трансформаторов. За счет ТОО «Оңтүстік Жарық Транзит» обновлены 17 километров электрических сетей и установлены 4 трансформатора. В текущем году за счет бюджета будет дополнительно установлено еще 12 трансформаторов, а также заменено 13 км электросетей и установлено 5 трансформаторов за счет указанного товарищества.
Уровень газификации района достиг 43,3%. До конца года планируется подключение еще 1 790 абонентов, в результате чего 45,6% жителей района получат возможность постоянного использования природного газа.


