ТҮРКІСТАН САУРАН АУДАНЫНДА АГРОСАЛА ДАМЫП, ЕГІСТІК АЛҚАПТАР КЕҢЕЮДЕ

Сауран ауданында ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Өткен жылы ауданда 43,6 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Нәтижесінде 873,3 тонна өнім жиналып, былтырғы жылмен салыстырғанда өнімділік 105,3%-ға артты. Бұл – өңірдегі агросаланың тұрақты дамуының айқын дәлелі.

Биыл бұл көрсеткішті одан әрі жақсарту үшін 44,2 мың гектарға егістік орналастыру көзделіп отыр. Қазіргі таңда алқаптар толық дайындалып, көктемгі егіс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бүгінгі күнге дейін 5685,3 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары себілген.

Сонымен қатар, 1,2 гектар жерге жылыжай өнімдері отырғызылып, заманауи техникалар кеңінен пайдаланылуда. Аудан бойынша су үнемдеу технологиялары – жаңбырлатып және тамшылатып суару әдістері – белсенді енгізілуде. Бұл өз кезегінде суды тиімді пайдаланып, өнімділікті арттыруға сеп болуда.

Ауыл шаруашылығы – Сауран ауданының экономикасында маңызды орын алады. Осы салада егістік көлемін ұлғайтып, жаңа агротехнологияларды енгізу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Агроөнеркәсіптің даму қарқыны жоғары, алдағы уақытта бұдан да жоғары нәтижелерге қол жеткізу жоспарланып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *