ОРАНҒАЙДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Оранғай ауылдық округінде өткен есепті кездесуде тұрғындар көтерген өзекті мәселелер бойынша аудан әкімі Мақсат Таңғатаров оқиға орындарына барып, жағдайды өз көзімен көрді.

Кездесу барысында ауыл халқы ауыз су, жол, жарық мәселелеріне қатысты бірқатар ұсыныстарын білдірген болатын. Аудан басшысы тиісті сала мамандарымен бірге аталған нысандарды аралап, жағдайымен танысты.

Әрбір мәселе бойынша жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар беріп, олардың шешілу барысы әкімдік бақылауында болатынын атап өтті.

©️Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *