Сауран ауданының Иассы ауылдық округінде аудан әкімі Мақсат Таңғатаров пен ауылдық округ әкімі Сыздық Пірметовтің тұрғындармен есепті кездесуі өтті. Жиынға аудандық бөлімдердің басшылары, құқық қорғау және коммуналдық сала өкілдері, білім мен денсаулық сақтау ұйымдарының жетекшілері және ауыл тұрғындары қатысты.
Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров ашып, 2025 жылдың 9 айындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы баяндады. Ол өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын жақсарту, ауыл шаруашылығын дамыту және тұрғындардың өмір сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарға тоқталды.
Кездесудің келесі бөлімінде Иассы ауылдық округінің әкімі Сыздық Пірметов округтің 2025 жылдың қорытындысы бойынша есеп берді. Ол ауылдағы ауыз су, жол, жарықтандыру және абаттандыру бағытындағы жұмыстар туралы баяндап, алдағы кезеңге арналған жоспарларымен бөлісті.
Жиын барысында тұрғындар өз сұрақтарын қойып, ауылды дамытуға қатысты ұсыныстарын жеткізді. Барлық айтылған мәселелер бойынша жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар берілді.
©️Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі





