Бүгін аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен ұлттық ауыл шаруашылық санағын жүргізу мәселелеріне арналған мәжіліс өтті. Жиынға ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, жауапты сала мамандары мен тиісті мекемелердің өкілдері қатысты.
✔️Басқосуда аудан аумағында өтетін ұлттық ауыл шаруашылық санағына дайындық барысы қаралып, ұйымдастыру шаралары талқыланды. Жауапты мамандар халыққа түсіндіру жұмыстарын күшейту, қажетті ақпараттарды уақтылы жинау және сапалы деректерді қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасады.
✔️Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров ұлттық ауыл шаруашылық санағының мемлекет үшін маңыздылығына тоқталып, ауыл шаруашылығы саласының нақты жағдайын бағалауға, стратегиялық жоспарларды айқындауға және ауылдық жерлердің әлеуетін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.
✔️Сонымен қатар, әкім ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшыларына халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізуді, тұрғындардың белсенді қатысуын қамтамасыз етуді және санақ барысын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
АУДАНДА ҰЛТТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ САНАҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ