Кездесу барысында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және заңға құрметпен қарау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қоғамның тұрақты дамуы үшін азаматтардың өз құқықтары мен міндеттерін білуі, заң талаптарын сақтауы және қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қарауы маңызды екені айтылды.
Сонымен қатар жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, олардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру және қоғамдық өмірге белсенді араласуына жағдай жасау мәселелері қозғалды. Жастардың саналы азамат болып қалыптасуында отбасының, білім беру ұйымдарының және қоғамдық институттардың рөлі ерекше екені атап өтілді.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары азаматтарға заң талаптарын түсіндірумен қатар, қоғамдағы өзара сыйластықты нығайтуға, түрлі көзқарастағы адамдар арасында түсіністік орнатуға және келіспеушіліктердің алдын алуға ықпал етеді. Осы тұрғыдан алғанда, мұндай кездесулердің маңызы зор.