ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ

Жиында діни сауаттылықты арттыру, діни ақпараттарды дұрыс қабылдау және ақпараттық кеңістікте кездесетін мәліметтерге сыни көзқараспен қарау мәселелері де талқыланды.

Қазіргі таңда интернет пен әлеуметтік желілерде діни мазмұндағы ақпараттар кеңінен таралады. Осындай жағдайда азаматтардың ақпараттың шынайылығын бағалай білуі, сенімді дереккөздерге сүйенуі және күмәнді мәліметтерге қатысты мамандардың пікіріне жүгінуі маңызды. Әсіресе жастардың діни мәселелер бойынша дұрыс түсінік қалыптастыруы олардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Осы бағытта теолог мамандардың түсіндіру жұмыстарының маңызы атап өтілді. Діни сауаттылықты арттыру азаматтардың әртүрлі діни көзқарастарды дұрыс түсінуіне, өзге сенім өкілдеріне құрметпен қарауына және қоғамдағы бейбіт қарым-қатынасты сақтауға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге діни мәселелерге қатысты ақпараттарды жауапкершілікпен тарату, арандатушылық сипаттағы мәліметтерге жол бермеу және қоғамдық келісімге нұқсан келтіретін әрекеттердің алдын алу қажеттігі сөз болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *