Кентау қаласында «Елтану» жобасы аясында қоғамдық тұрақтылықты сақтау, құқықтық мәдениетті арттыру және діни сауаттылықты нығайтуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық және діни сауаттылығын арттыру, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, этносаралық татулықты нығайту және қоғамдағы өзара түсіністікті дамыту.
Кездесуге Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Хамит Исаков, Кентау қалалық филиалының басшысы Бақытжан Әшірбаев және Түркістан облысы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теолог маманы Нұргелді Дүйсебай қатысты.
Жиын барысында қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, заң талаптарын сақтау, азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру және жастар тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Қатысушылар қоғамдық келісімнің маңыздылығына тоқталып, әрбір азаматтың ел ішіндегі татулық пен тұрақтылықты сақтауға қосатын үлесі зор екенін атап өтті.