Ділдәбектің дара жолы Оразбаев Ділдәбек Тәжібайұлы 1961 жылы 8 мамырда Түркістан облысы Төлеби ауданының Қасқасу ауылында дүниеге келген. 1988 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді Ауыл шаруашылығы институтын ғалым агроном және 2009 жылы Алматы экономикалық университетін қаржы мамандығы бойынша бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған. Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы Ленгір ауданының Абай атындағы колхозында механизатор болып бастаған ол әр жылдарда аталған ұжымшарда экономист көмекшісі, ұжымшар бригадирі, бас агроном, колхоз бастығы, Төлеби ауданы бойынша салық бөлімінде аға салық инспекторы, “Ағжан-Мағжан” ЖШС директоры, Оңтүстік Қазақстан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, басқарма басшысының орынбасары, Департамент директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары Комитетінің “Шығыссушар” республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры қызметтерін атқарды. Тарбағатай ауданының әкімі қызметіне тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары Комитетінің “Қазсушар” республикалық мемлекеттік кәсіпорны Шығыс Қазақстан филиалының директоры қызметін атқарды. Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының депутаты болып сайланды. Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай, Аякөз аудандарына басшылық еткен Ділдәбек Оразбаев – 2022 жылдың маусым айынан бері Көкпекті ауданының әкімі. 2013 жылдың тамыз айы. Қазақстандағы әкімшілік реформалар аясында мемлекеттік қызметкерлердің жаңа моделін қалыптастыру мақсатында “А” корпусы құрылып жатқан сәт. Мемлекеттік қызметкерлерді сұрыптаудың қатаң сынынан өткендердің қатарынан Тарбағатай ауданына жаңа әкім тағайындалыпты. Өзі оңтүстік өңірдің азаматы екен дегенді естіп, “А” корпусы: ашық әңгіме” айдарына сұхбат алу мақсатында Ақсуатты бетке алып, жолға шықтық Ділдәбек Тәжібайұлымен таныстығымыз сол сапарда басталған еді. Тарбағатай тауларының теріскейін жайлаған қасиетті өлке Ақсуаттың аты батырларымен де, ақындарымен де, әлемді аузына қаратқан палуандарымен де шыққан. Ақсуатты көпшілік 80-ші жылдардың ортасында кеңестік кино әлемін дүр сілкіндірген Серік Апырымовтын «Сонғы аялдама» немесе «Ақсуат» фильмі арқылы біледі. Автордын өзі айтқандай, фильмнің «боямасыз өмірді бейнелеген шынайы» сюжеті көпшілік кеңіліне көлеңке түсіріп, анайылығы намысы бар қазақтың ашу-ызасын тудырғанын да ұмыта қойған жоқпыз. Қылышынан қан тамған Қызыл империянын кино сыншыларының қырына қатты ілігіп, өндірістен алынып тасталған фильм кезінде артта қалған 30 ауданның қатарына жатқызылған Ақсуаттың атын әлемдік аренаға бір-ақ Шыгарғаны да есімізде… Ақиқатты айтқанымыз үшін басқа азаматтар ренжімесін, Ділдәбек Оразбаев (жоғаргы суретте) басшылыққа келген кез сол Ақсуаттың ажары қашып тұрған шақ еді… Бұл елдің халқы жуас емес, мінезді екендігі де белгілі. Көңілімізде жылы жақта туып-ескен аймақтың тумасы біздің жақтың табиғатына көндігіп, жергілікті халықтың көңілінен шыға алар ма екен деген күдіктің де болғанын. жасырмаймыз. Аудан әкімі алғашкы кездескеннен-ақ өзіне жүктелетін міндеттердін жеңіл емес екендігін айта келіп, ең бастысы, халыкпен тіл табысып, адал қызмет етуді мақсат ететінін, өзіне сеніп тапсырылған өңірді өркендетуге күш салатынын айтты.
Сөзі дурыс…
- өзгелерден жауапкершілікті, тәртіпті, нәтижелі жұмысты талап ету үшін, ең алдымен, сол талапты өзімізден бастаған жөн, адамдарға немқұрайлы қарауға болмайды, олардың проблемаларын шешумен күні-түні айналысу қажет. Халык басшыға сенуі керек, тургындармен ашық байланыс жүргізу маңызды, – деген жаңа әкімнің сөзін билікке келгендегі алғашкы қарқыны болар.
«балапанды күзде санармыз», нәтижесін күтейік деген оймен аттанғанбыз. Десе де, біз Тарбағатай өңірімен үнемі байланыста болдық. Ол шақ ауданның Шығыс Қазақстан облысының құрамын дағы кезі болатын. Сол уақытта аймақ басшысы марқұм Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев еді. Ауданның негізгі бағыты – ауыл шаруашылығы. Жаңа әкім жұмысын өңірдін проблемаларымен танысудан бастады. Әлеуметтік- мәдени сала, мектептер, емханалардың жағдайы, жолдардын жәй-күйі, егін жене мал шаруашылығы салаларын талдал, реттеу ісін алғашкы күннен қолға алды. Арада көп уақыт өткен жоқ, біраз шаруа атқарылып, жақсы өзгерістер қылаң берді. «Әкім бол, халқыңа жақын бол» деген халық даналығын өзіне бағдаршам етіп алған жас басшы аудандағы алпыс бес елді мекенді толық аралап, жергілікті тұрғындардың еңбек және тұрмыс жағдайларымен жақынырақ танысып, ой-пікірлерін тыңдау арқылы жүргізген жоспарлы оң нәтижесін көрсете бастағандай … - Халықпен ресми кездесу кестесіндегі мерзімін күтудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Ауылдарды аралаған сайын ел ішіндегі шешімін таппаған проблемалар көрініп жатады. Олардың көбі мерзімді кездесулерге дейін-ак шешімін табу керек. Мен сондай кездесулерде халыққа берген уәделерімнің басым көпшілігін орындадым, – деген еді келесі кездескенде Ділдекең. – қазақ қоғамында ақсақалдар институтының алар орны ерекше екенін ұмытпауымыз керек. Қазына қарттарымыз – ақылдың дариясы. Біздің халықта елдін бас көтерер қарияларының қатысуынсыз қарымды істер қолға алынбаған. Қарттарын қара шаңырактың құты мен киесі деп ұққан халқымыздың әдемі дәстүрін мен де үлгі тұтамын, –деген әкімнің әр ауылға барғанда, халықпен кездесуінде міндетті түрде ауыл ақсақалдарын, өмір көрген үлкендерін іздейтіні, олардың басқосуларға қатысуын ауыл әкіміне міндеттейтіні де көпшілік назарынан тыс қалмағанын байқаймыз. Бар мен жоқты, жақсы мен жаманды нақты айтатын, сол жердің проблемаларын дөп басып, дәл көрсететін сондай үлкен адамдар екенін біліп отыратын аудан басшысы «қабылдауыма жазыл, кабинетіме кел» деген бюрократтықтан ада болуымен, ауылда, көшеде, кездескен жерде тұрғындармен әңгімелесіп, өтініш-тілектерін тыңдай білетінімен де халқына жақын болған сияқты. – Бүгінгі заман әкімі қандай болуы керек? – деген сауалымызға: – Халыққа жақын болуы маңызды.
- Шаруашылық, экономика, әлеуметтік, мәдениет, оқу-тәрбие, медицина салаларын жақсы білуі шарт. Облыс әкімі мені осы ауданға қызметке тағайындағанда негізгі үш міндетті атап көрсетті. Ең бірінші, Тарбағатай ауданы мал шаруашылығы дамыған аудан екенін айтып, мал басын көбейтуге ықпал етуімді тапсырды. Екінші, егін шаруашылығын өркендетуді міндеттеді. Себебі мал шаруашылығын дамыту үшін оның азық-түлік базасы мықты болуы шарт. Жоңышка, арпа, сұлы егуіміз керек. Егіндікті дамытып, жемшеп базасын нығайтып, халықты арзан ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етуге күш салуымыз керек. Ауыл шаруа шылығының өркендеуі – азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі. Ең басты міндет – халықпен тіл табысып, алеуметтік, тұрмыстық жағдайын жақсартуға күш салу. Әлеуметтік жағдайдың ауқымы кең екенін өздеріңіз де білесіздер… – деген болатын. Өткенге ой жүгіртсек, соңғы жылдарды Тарбағатай, Аягөз, Кекпекті аудандарындағы халықтын тұрмыс жағдайы жақсарып, өркендеген кезең деп айтуға толық негіз бар. Ол жылдары аталған аудандардың даму бағытында тұрақтылық сақталып, негізгі көрсеткіштер бойынша тапсырмалардың барлығы орындалды. Әр сала бойынша он пайыздан елу пайызға дейін өсім болды. Мысалы, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі өсті. Агро-өнеркәсіп саласы бойынша мемлекеттік бағдарламалар жақсы нәтиже берді. Ауданға инвестиция тарту, құрылыс салу жұмыстарының көлемі екі есеге жуық өсті. Өзендердегі су тоспалары жөнделді. Ол кісі басшылық еткен аудандардың бірінде мектеп, енді бірінде емхана жаңадан салынып, пайдалануға берілді. Бірнеше медениет үйі күрделі жөндеуден етті. Аудан бойынша бүлдіршіндерді балабақшамен толық қамтуға қол жеткізілді. Ауыл шаруашылығы техникалары сатылып алынды.
Көп ұзамай Тарбағатай ауданында оның басшылығымен көптеген кезек күттірмес ауқымды мәселелер шешілді. Алғашқы күннен бастап ауылдарды абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінді. Айтпакшы, осы жерде Ділдәбек Тәжібайұлы басшылық жасаған жылдардан қалған ел ішіндегі бір әзілді айта кетейік … Ақсуаттың ең шалғай ауылдарының бірінде тұратын әйел күйеуінен сұранып.
аудан орталығына кетеді. Базар аралап, керек-жарағын алып, көңілі көтерілген
келіншек Ақсуаттағы Бәйтеректін жанында суретке түсіп, ватсап арқылы күйеуіне салып жібереді. Гүлмен көмкерілген әдемі алаңда, Бәйтеректің жанында жайнап түрган ейелінің суретін көріп күйеуі: «Сен маған айтпай, Астанаға кетіп қалыпсың» деп тулайды. Келіншек суреттің Астанада емес, Ақсуатта түсірілгенін айтып, әрең иландырған көрінеді… Бұл әзіл болғанымен, Ақсуаттың адам танымастай болып езгеріп, ажарланғанын байқататын акиқат еді.
2013-2019 жылдары Ақжар мен Ақсуат қана емес, он жеті ауылдық округ орталықтары басқа аудандармен салыстырғанда жаңа реңге ие болды. Елді мекендердің жаңа заманға лайықты болуы үшін жұмыстар жүргізілді. Барлық мекемелер жөнделді. Жекеменшік балабақшаларда бүлдіршіндерге қолайлы жағдайлар жасалды.
Жаңа жұмыс орындары көптеп ашылды. Барлық елді мекендерде демалыс орындары мен балалар ойнайтын алаңдар пайда болды. Бір Ақсуаттың өзінде ғана балалардың 7 ойын алаңы құрылды. Әкім тарапынан әр ауылда балалардың хоккей ойын алаңы болсын деген міндет жүктелді. Ауылдардың үлкен проблемасы жарық екендігі белгілі. Бұл орайда ауқымды жұмыстар жүргізіліп, түнгі көріністер жақсарды. Ақсуат ауылының көшелеріне бағдаршамдар қойылды. Барлық көше жолдарына асфальт төселді. Бұрыш-бұрыштың бәрі кіші саябаққа айналды. Бір Ақсуаттың өзінде бірнеше саябақ пайда болды. Олардың қатарында «Ана мен бала» саябағын ерекше атап өткім келеді.
Ақсуат гүлге оранып, ауылға кіре-берісте футбол алаңы пайдалануға берілді. Сол кезде «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасы аясында халықты таза ауыз сумен қамту міндеті жүктелген болатын. Тарбағатай өңірі Ділдәбек Тәжібайұлы басқарған кезде ауыз сумен қамтамасыз ету көлемін 70 пайызға жеткізген еді. Ауылдардың көпшілігіне су қүбыры тартылды. Шағын елді мекендерге орталықтандырылған су жүйесі орнатылды. Солардың алғашқыларының қатарында Ойшілік ауылындағы 180 үйге су кіргізіліп, өзге ауылдарға үлгі болғаны есімізде. Су пайдаланғаны үшін төленетін тариф те сол кездегі аудан басшысының тапсырмасымен қалыпка келтірілді. Суармалы жерлер кеңейтіліп, оның пайдаланылуына да тәртіп енгізілді. Оңтүстік өңірден жер жағдайын жетік білетін бірталай отбасы Барқытбел баурайына қоныс тепті. Олар жер алып, топырақ өңдеп, көкеніс егіп, жылыжай, жеміс сақтайтын қойма салу жұмыстарын қолға алды. Тарбағатай ауданында әбаттандыру, көгалдандыру жұмыстарында бұрын-соңды болмаған серпіліс пайда болды. Күн санап көркейген Тарбағатайдың талайларды тамсандырғанын көпшілік ұмыта қойған жоқ.
Оңтүстіктің тумасы өзімен бірге ешкімді ертіп келген жоқ. Іс тетігін кадр шешетінін түсінген аудан әкімі жергілікті азаматтармен жұмыс істеді. Оларға жаңаша жұмыс істеуді үйретті. Нәтижесінде берілген тапсырмаларды жұмған жұдырықтай мүлтіксіз орындайтын мықты команда жасақталды. Ең бастысы, бәрі де сол өңірдің қолынан іс келетін азаматтары. Мысалы, гүл өсіретін қарапайым қыз-келіншектердің өзі көп-көрім тәжірибе жинап, бағбанға айналды. Малды өңірдің түрғындарына қарапайым гүл егуді, оны күтіп-баптауды үйрету ез жемісін берді. Бұрын гүл көшеттерін сатып алатын аудан сәуірден бастап оны жылыжайда өздері өсіретін
болды. Әкім су шаруашылығын жете меңгерген маман болғандыктан, Тарбағатай ауданына басшылыққа келген күннен бастап бос жатқан, суармалы жерлерді игеруді ерекше қолға алды.
«Тарбағатайда егін шаруашылығын дамытудың болашағы зор. Жердің де, судың да мүмкіндігі мол» дегені есімізде. Бұл орайда ол әр ауылға барып, жер жағдайын жетік білетін диқандармен кездесті. Шаруа қожалыктарының жетекшілерімен жиын еткізіп, ақылдасты. Жер жағдайы, су жағдайы зерделенді. Қажетті тұқым, техника қуаты есептелді. Нәтижесінде егістікті тамшылатып суару жүйесі Тарбағатай өңірінде тұңғыш рет іске қосылды. Алғашқы тәжірибені өз көздерімен көрген соң, шаруа қожалықтарының, диқандардың ынтасы оянды. Бұл әдістің артықшылығын сезінді. Қазір диқандар бұл технологияны кеңінен қолданып, нәтижесін көруде. Егін бітік шығу үшін заманауи техника құралдары қажет. Аудан әкімі бұл саланы техникамен жарақтандыруға баса көңіл бөлді. Сол жылдары лизинг әдісімен 15 техника алынғаны есімізде. Аудан әкімі егін егу науқаны 10 мамырға дейін аяқтап тастау керектігін, одан кешіккен сайын өнім беру керсеткішінің төмендейтіндігін де айтып, бұл меселені негізгі талаптардың бірі етіп қойды.
Осы кезеңде ауданның әлеуметтік-экономикалық ахуалы айтарлықтай өзгерді. Бюджеттік түсім көбейіп, инвестиция тарту, шағын жене орта бизнес салалары дамыды. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші ілгері басты. Құрылыс жұмыстарының көлемі де ұлғайды. Тарбағатай өңірі шағын және орта бизнесті дамытуда өркен жая бастады.
Ол ауданға әкім болып келгенде, 11 асыл тұқымды шаруашылық болса, көп кешікпей онын саны 37-ге жетті. Сөйтіп, аудан бұл сала бойынша облыста алдыңғы орынға шықты. Төрт түлік малдың асыл тұқымдысын кебейтуге ерекше көңіл бөлудің нәтижесінде асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтар санын арттыруға қол жеткізілді. Асыл тұқымды малды кебейту ісі ғалымдармен бірлесе жүргізілді. Мемлекеттік бағдарламалардың артықшылығын қарапайым адамдарға түсіндіру, жобалар дайындау, шаруашылықтардың жұмыстарын ғылыми негіздерге сүйеніп жасау қолға алынды. Осының нәтижесінде аудан тұргындары мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға белсене атсалыса бастады. Несие аламыз, кәсіп ашамыз деушілердің қатары кебейді.
Тарбағатайлықтар аудан басшысын алдына келген адамның мәселесін дер кезінде, уақытында шешіп беретіні үшін де құрмет тұтты. Басшыға өтінішпен келген адам үміт күтеді ғой, бұл орайда әкім ер адамды мұқият тыңдап, өтінішін мүмкіндігінше жедел шешіп беретінімен де халыққа жақын болды. Айткан мәселеге қатысы бар сала басшысын немесе ауыл әкімін шақырып, көзінше сейлесіп, тапсырма береді, орындалуын бақылауға қояды.
Қай ауданда басшылык қызметте болса да Ділдәкен жергілікті кадрлармен, қарапайым халықпен ортақ тіл табыса білді. Ауыл өміріне тың жаңалықтар келіп, аудан орталығынан бастап көркейтіп, көгалдандырып, мемлекеттік бағдарламалар арқылы өндірісті дамытып, елді еңбекке жұмылдырып, көптің құрметіне бөленіп келеді. Тек шаруашылық пен әлеуметтік мәселелер ғана емес, рухани мәселелерді де ерекше назарында ұстаған әкім әйгілі Ыргызбай Досқанаұлы кесенесін жөндеуді қолға алды. Алыс-жақын шет елден арнайы келетіндер саны арта түсті.
Киелі мекенге келетіндердің зиярат етуіне қолайлы жағдай жасалды. Ыргызбай Досқанаұлы кешені сол жылдары мемлекет қарамағына өтіп, Қазақстанның киелі мекендері тізіміне енді. Жылына 5 мыңға тарта адам келетін бұл кешенде мешіт, мұражай, «Дала даналарының кітапханасы» бар. Сонымен қатар 50 орындық қонақ үй келушілер игілігінде. Кесене маңына тас жол төселді. Аумағы абаттандырылып, ретке келтірілді. Ақсуат – қазақ күресінің абыройын асқақтатып жүрген өңір. Әулие Ырғызбай атаның атын ұлықтау мақсатында Ділдәбек Тәжібайұлы басшылық еткен жылдары Ақсуат ауылында басталған республикалық турнир бұл күндері
халықаралык сипат алды. Ақсуаттағы дүбірлі додаға жыл сайын 25 мемлекеттен спортшы қатысады. Келетін қонақтардың барлығы ең әуелі әулие ата кесенесіне барып тау етеді.
Жыл сайын Ақсуатта жырсүйер қауымды қазақтың төл өнерімен сусындатып келе жатқан шайырлар бас қосады. Осы дәстүрлі халықаралық айтыс та оның бастамасымен ұйымдастырылған болатын. 2018 жылы өткен халықаралық ақындар айтысында атақты Жансая Мусинамен айтысқан Шұғайып Сезімхан атты ақын ел мен жерді, азаматтардың жарқын істерін жырға қоса келіп:
Ақсуат баяғыдан дүр ел еді,
Ақын, батыр туғызған ірі ел еді.
Сендегі бірлікпенен берекеге,
Дос қуанып, дұшпаның түнереді.
Бүгінгі Ділдәбектей әкімдерің,
Аудан деп аузын айға білеп еді.
Өңірдің өсіп-өніп өркендеуі
Тікелей әкімге кеп тіреледі.
Себебі гүлдендіріп Ақсуатты, қыс келсе, көше қары күреледі.
Жаз келсе, көшеттер мен гүл егеді.
Айтыспенен күреске қолдау болды,
Қазақтың өлмесін деп бұл өнері.
Ділдәбектей әкімін бұл қарқынмен,
Халықтың орындалып тілегі енді,
Ауылды аудан қылып жібереді,
Ауданды облыс қып жібереді,-дегені есімізде.
Туған жерді түлетуге жастарды тарту мәселесіне ерекше көңіл бөлген аудан әкімі жыл сайын Семей мен Өскемендегі жоғары оқу орындарында білім алып жатқан жастармен кездесіп, оларға стипендия тағайындап, елге шақыруы да жақсы нәтиже берді. Сондай-ак Ақсуат, Аягөз Көкпекті аудандарында туып-өскен ел ағаларының басын қосып, өңірдің болашағы жайлы кеңес құру да ол кісінің дәс-түріне айналған.
Киелі мекенге құрмет, тарихқа тағзым ету қасиеті оның бойынан ерекше байқалады. 2019-2020 жылдары бугінгі кейіпкеріміз аңыздар мен абыздар елі Аягөзге басшылыққа тағайындалды. Аягөзге басшылық еткен жылдары Қозы Көрпеш – Баян сұлу мазарын үлкен кешенге айналдыру жөніндегі жоспары туралы да білеміз. Өкінішке қарай, қызметі ауысып кеткендіктен, ол іс орындалмай калды.
Абай облысы Шығыс Қазақстанның құрамынан енші алып шыққаннан кейін, 2022 жылы Ділдәбек Оразбаев Көкпекті ауданына басшылыққа тағайындалды. Ақсуатпен ауылы аралас, қойы қоралас
жатқан Көкпектідегі жұмысын таза ауыз сумен қамту мен жолдардың жай-күйін жөндеуден бастады. Орталыктандырылған сумен жабдықтау мәселесі кейінге қалдырылып келген ауданның бес елді мекенінде аталған мәселені шешу үшін 2 миллиард теңгеден астам қаражат қарастырылды. Қазіргі уақытта аудан тұрғындарынын 80 пайызы ауыз сумен қамтамасыз етіліп, тағы бірнеше ауылда су құбырларын іске қосу кезең-кезеңімен жүзеге асырылу үстінде.
Өткен жылы Преображенка – Шуғылбай жолының 11-26 шақырым учаскесі жене Шәріптоғай жене Толағай ауылдарына кіреберістерді қоса алғанда, жол инфрақұрылымына орташа жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ өткен жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында ұзындығы 10,7 шақырым болатын ішкі ауыл жолдарына орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Қазіргі күні ауданда «Ауыл аманаты» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Өткен жылы Көкпекті ауданында 7,7 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған болатын. Инвестиция әсіресе жаңа құрылыс жобаларына (80 пайыздан астам) көп салынды. Құрылыс саласы 82,9 пайыз үлесімен жетекші орынға ие, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және басқа секторларға да айтарлықтай инвестиция тартылған.
Халықтан асқан сыншы жок. Тарбағатай, Аягөз, Көкпекті аудандарының халқы оның «әкім бол, халқына жақын бол» деген талапқа толық сай екенін, өндірісті дамытып, ауылдарды көркейтіп, көгалдандыру бағытында тың бастамаларды қолға алып келгенін, аудан орталығы ғана емес, шағын ауылдардың да келбеті жақсара түскенін айтуда. Көкпектілік журналист, аудандық мәслихаттың депутаты Дархан Бердібек бауырымыз аудан әкімі жайлы:
Ділдәбек Тәжібайұлының Көкпекті ауданында атқарған ауқымды істерінің ішінде шағын ауылдарды сақтап қалу, халықты тұрақтандыру бағытындағы жүйелі жұмысын ерекше атап өтер едім. Оқушы саны азайып, жабылу алдында тұрған шағын мектептерді сақтап калуға көп күш-жігер жұмсады. Мол тәжірибесімен бұл жұмысты сәтті жүзеге асыра білді. Аудан әкімінін бастамасымен Биғаш, Ақой, Мамай, Толағай ауылдарында балабақша ашылды. Мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің маңыздылығы айтпаса да түсінікті. Мектеп жанынан ашылған балабақшалар оқушылар санын арттырып, мектептерді жабылудан сақтап қалды. Бұл стратегиялық қадам, алысты болжаған ұтымды шешім еді, – дейді. Біз білетін әкім өзі де тынбай жұмыс істейтін, өзгеге де жұмыс істете алатын, ұйымдастырушылык қабілеті мықты басшы екенін көрсетті. Халықпен жұмыс істеу, бұқарамен жиын өткізу, азамат-тарды өтініштері бойынша қабылдау сәттерінде ол кісі «Аш адамға балық берме, балық аупайтын қармак бер» деген халық даналығы бар екенін жиі ауызға алып отырады, өзі осы кағиданы шын мәнінде өмірлік ұстаным еткен адам. Ол қай өңірге, қай салаға басшылық жасамасын, сол елдің үлкен-кішісі оның бойынан тектілікті, әділдік пен адалдықты тани білді. Өйткені ол өзінінң міндетін де, ел алдындағы адами парызын да адал атқарып, сенімге кіршік түсірмеді. Аймағымыздағы ірі аудандар Тарбағатай, Аягөзде әкім болды.
Қазір Көкпектіге басшылық етіп отыр. Бұрынғы аудандар халқымен сол сыйластығы әлі де суымай келе жатыр. Ділдәбек Тәжібайұлының еңбегі елеусіз емес. 2016 жылы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «Құрмет» орденінің иегері атанды. Басқа да марапаттары жетерлік. – Мен үшін халықтың батасынан асқан марапат жоқ, – дейді біздің кейіпкеріміз. Енді міне әкіміміз зейнет демалысына шығатын жасқа да келіп қалыпты. Бүгінгі мақаламызды «Ділдәбектің дара жолы» деп атағанымызды біреу қолдар, ал енді біреулердін «кім әкім болмаған…» деуі де мумкін. Ел басқару қызметінде ресми міндетін атқарумен шектеліп, шекпен алып жүргендер аз емес. Жолсыз жерге жол салып, жарықсыз ауылға жарық тартуын да айтпай-ақ қоюға болар еді… Ал шалғайдағы «Соңғы аялдамамен» аты шыққан ауданды гүлге көмкеріп, даланы қалаға айналдырған, бүкіл әлемнін спортшылары мен қазақтың айтыскерлерін Ақсуатқа жинап, ұлттық өнерімізді ұлықтап жүрген азаматтым жолын дара деп неге айтпасқа?!
ЕЛДІКТІҢ ТІРЕГІ
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Атыраудағы құрылтайда ұлттық құндылықтарға басымдық беріп, еліміздің рухани идеологиялық бағдарын айқындап берді. Рухы биік ұлт қана жаһандану дәуірінде өзін өзгелерге мойындата алады деді. Қазақстанның болашақ бейнесінің болуы үштаған уғымға байланысты екендігін атап керсетті. Олар – Әділетті Қазақстан, Адал азамат және озық ойлы ұлт.
Әділетті Қазақстанның ортақ мағынасы құқықтық заңнама мен тәртіпке негізделген мемлекет болуы керек. Бүл үшін мемлекеттік заңнаманын түп негізінде адам құқықтары және әлеуметтік мәртебесіне қарамай, заң алдында бәрінің тең болуы керек. Соның негізінде заңды құрметтейтін, тәртіп сақтайтын коғам құрылады. Адам құқығы, заңнын салтанат қүруы жене қоғамдық тәртіп кез келген халықтың өркениеттілігінің маңызды және жарқын нышаны, қоғамның егемен және автономды мәдениет институты. Дамушы елдердегі әлеуметтік құндылықтарға қарасақ, олардың басында тұлга еркіндігі мен демократия, материалдық бақуаттылық қоғамдык тәртіп пен тұрақтылық қалып-тасқанын байқаймыз. Мемлекеттің болашақ бағдары демократия мен адам құқығын қорғау, ел азаматтарынын әл-ауқатын жақсарту және әділетті қоғам құруға бағытталған. Мемлекет басшысы айтқан екінші бағыт адал азамат. «Атаның баласы болма, адамның баласы бол» деген ізгілік идеяга негізделген төл медениетімізде адал аза-маттын сипаты керініс алган. Абайдын «Кемел адам, толык адам» философиялык танымы осыған дәлел болады. Сондықтан Президент Абай айтқан адал ас ішіп, табысқа кенелу, бес асық пен бес қашық қасиеттерді сіңіріп, өз жеке кара басының емес, ұлтының қамын ойлайтын тұлға қалыптастыру керектігін айтты.
Тоқаев Адал азамат аясында қоғамда көрініс алған кеселді, келеңсіз тұстарды да атап өтіп, олармен күресу жолдарын керсетті. Әрбір адам езінің рухани ғана емес, дене бітіміне, денсаульғына аманат ретінде қарап, адалдық сақтау қажеттігіне тоқталды. Бүгінде қогамнан орын алған адам табиғатына жат, жағымсыз әдеттермен күресу, одан арылу жолдарын көрсетті. Адамға құрдымға апаратын интернеттегі және әлеуметтік желілердегі популистік жане хайп мақсатын көздейтін арзан контентті талғамсыз пайдалану, діни ағымға көзқарас, дәстур мен төл мәдениетті жоққа шығару, қыз алып қашу, насыбай ату секілді тозған салт-сана, нашақорлық пен ойынқұмарлык, тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм, ысырапшылдық, т.б. көріністерден аулақ болуға шақырды. Аталған кесапат-тардан жастарды ара шалау үшін мемлекеттік деңгейде заңға өзгеріс жасау. Бұл үшін жастар арасында, оқу орындарында тәрбие жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Әлемде озық ойлы ұлт болудын философиялык категориясын Орта Азиядағы, оның ішінде қазақтан шыққан Әбу Насыр Әл Фараби жасап берді. Ол «Қайырымды қала керемет, сау денеге ұксайды, ұлы істер кішігірім жаксы әрекеттерден, ал керемет қайырымды орта жеке тұлғалардан бастау алады» дейді «Ізгі қала тұрғындары» трактатында. Міне, озық ойлы ұлт болу үшін әр азамат сайдың тасындай мықты, бірлігі бекем, экономикасы мығым болуы тиіс.
Осы мәселеде Қ. Тоқаев елдің дамуы үшін ұлттық буржуазияға зор міндет жүктелетінін айтты «Батыр болсаң жауға найзаң тисін
Бай болсан, халқыңа пайдаң тисін» дейді
бабаларымыз. Қолындағы байлығымен бөлісіп ,
елінің ертеңіне алаңдаған ұлттық буржуазия қалыптасқанда ғана мемлекеттің мерейі ұстем болмақ.
Кешегі Алаш заманында да ел болу ісіне байлығымен бөлісіп белсене араласкан меценаттар болған. Бұл дәстүр бүгін де бар. Жарқын болашағымызды сезінген осындай адамдар – басты байлығымыз. Дамыған елдердің барлығы да іскер азаматтарына арқа сүйеп, халықтың әлеуетін арттырып отырады. Сонымен бірге Президент Құрылтайда озық ойлы ұлт болудың төте жолы – кітап оқу екендігіне айрықша тоқталды. Кітап – сарқылмас байлық. Кітап оқитын ұрпақ қана ел болашағының ертең ін ойлайды.
М.Әуезов «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп керегендікпен айтқан. Олай болса, болашақта ұрпақ тәрбиесіне, біліміне көңіл бөлу керек. Осы орайда ол халықтың кітап окута қызығушылығын оятудың жолдарын қарастыруды тапсырды.
Ірі калаларда тұрғызылып жатқан тұргын-үй кешендерінде кішігірім кітапханалар мен ағарту желісін ашу жөнінде пікірін білдірді. Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының «Біз бай, білімді әрі күшті болумыз керек. Бай болу үшін – кәсіп, білімді болу үшін оқу керек. Ал күшті болу үшін бірлік керек» деп айтқан болатын. Осыны басшылыққа алғанда ғана дамыған елге айналамыз. Ынтымағы жарасқан, ырысы тасыған, технологиясы дамыған, кәсібі өрлеген, жастары талантты, білімді болғанда ғана әлемнің озык елдері қатарына қосыламыз. Мемлекет басшысы жұртшылыкты әділетті Қазақстанды құруға шақырды әділдіктің тірегін мыктап ұстайық.