Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің тапсырмасына сәйкес, полиция мамандығының оң имиджін қалыптастыру мақсатында аудандардағы жалпы білім беретін мекемелерде «Полиция сыныптары» ашылуда.
Бүгін, Төлеби ауданындағы П.Тәжібаева атындағы №3 жалпы орта мектебінде Төлеби аудандық полиция бөлімінің «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды.
Сыныпқа полицияда 25 жылғы жуық қызмет етіп, зейнеткерлікке шыққаннан кейінде ауданның қоғамдық өміріне белсене атсалысып, оның дамуы жолында еңбек етіп, қаза тапқан полицей Бахтыбай Абдукаримулы Бейсембаевтың есімі берілді.
Салтанатты жиынға Түркістан облысы Полиция департаментінің Тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы, полковник Мақсат Асқаров, аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, аудандық полиция бөлімінің басшысы, полковник Бауыржан Зиятаев, мектеп ұжымы, ішкі істер органдары ардагерлері қатысып, өскелең ұрпаққа полиция мамандығының қоғамда алатын рөлі жайлы айта келіп, марқұм болған Бахтыбай Абдукаримулы туралы жылы естеліктерін айтты.
Жастарға патриоттық тәрбие беріп, олардың туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілігін, құрметін арттыруға арналған «Жас сақшы» полиция сыныбының ашылуына арналған іс-шарада 8 сынып оқушылары ант беріп «Жас сақшы» қатарына қосылды.
«Жас сақшы» қатарына қосылған оқушыларға полицейдің нысанды киім үлгісі тігіліп, берілді. Ал сынып бөлмесі ел игілігі жолында еңбек еткен полицейге арналған арнайы бұрышпен жабдықталды.
Айта кетерлігі, Түркістан облысы бойынша 12 –ші полиция сыныбы Төлеби ауданында ашылды.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі