Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі және «Jas Turkistan» еріктілер ассоциациясының бастамасымен, Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық сенбілік аясында Төлеби аудандық ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен «Табиғатты қорғау- адамзаттың борышы» атты акциясы жастар арасында өз жалғасын тапты.
Түркістан көпсалалы-техникалық колледжінде ерікті жастар колледж аумағына тазалық жұмыстарын жүргізді.