Статистикалық мәліметтер бойынша ауданда халық саны 2024 жылдың 11 айында 122899 адам, оның ішінде 2023 жылдың қорытындысы бойынша белсенді халық саны – 49641 адам, жұмыспен қамтылғандар- 47235, өздігінше жұмыспен қамтылғандар – 25904 адам, жұмыссыздар саны- 2406 адам. 2023 жыл соңына жұмыссыздық деңгейі – 5,2 пайыздан 4,8 пайызға төмендеді. Ауданда қордаланған еңбек ақы қарызы жоқ.
«Мүгедектігі бар адамдарды абилитациялаудың және оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстар Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына сәйкес мүгедектігі бар азаматтар техникалық оңалту құралдары мен және арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтамассыз етіледі.
Мүгедектігі бар азаматтардың оңалту құралдарына протездік-ортопедиялық, сурдо-тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ арнаулы-жүріп тұру құралдары (кресло-коляска) жатады.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер жеке көмекшілердің, ымдау тілі мамандарының және санаториялық-курорттық емделу қызметтерін қамтиды.
2024 жылға оңалту бағдарламасына сәйкес түскен өтініштер саны-4169. Орындалғаны-3467. Бүгінгі күнге 83,2 пайызды құрап отыр.
2024 жылға мүгедектігі бар адамдардың абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдармасының орындалуы межесі 95 пайыз .
Көрсетілген қолдаулар:
Ұлы Отан соғысындағы 9 мамыр Жеңіс күнін мерекесіне орай дайындық жұмыстары жүргізіліп, 255 тыл ардагерлері мен жесірлерінің тізімі жасақталып жеке есеп счеттарына 30 000 мың теңгеден, жалпы 7 650,0 мың теңге тағайындалып төленді..
Cонымен қатар, Семей ядролық полигонынан зардап шеккен 68 азаматқа, ЧАЭС апатын жоюға қатысушыларға 16-азаматтарға біржолғы материалдық көмек көрсетге тізімі жасалып, 129220 тг көлемінде есеп счеттарына аударылды. Ауған соғысына қатысыушылардың тізімін түгенделіп, іс-шара түзіліп бір жолғы материалдық көмек көрсетуді ұйымдастырылды.
-Ауған соғысының қатысушылары 53 азаматқа – 184600 тг көлемінде, жалпы-9 783,8 мың.тг тағайындалып, төленді.
Сондай-ақ, тізімге сәйкес туберкулез ауруына шалдыққан 30 адамға – 34500 теңгеден, жалпы бүгінгі таңда жыл басынан 11521,0 мың .теңге тағайындалып, төленді.
Бүйрек жетімсіздігі ауруына шалдыққан 41 азаматқа -147600 тг ден жалпы 6055,0 мың тг тағайындалып төленді.
Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2019-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоспар іс – шаралар жоспарының іске асыру мақсатында 2024 жылға 46 нысан бейімдеуге жоспарланып, бекітілді. Бүгінгі күнге 46 нысан толық бейімдеуден өткізіліп, Интерактивті картаға енгізілді.
Облыстық, бюджет есебінен Ардагерлер үйіне және Мейір сауықтыру орындарына 2024 жылға 500 зейнеткерге жолдама жоспарланған . Жыл басынан 436 адам жолданды.
Халықаралық 1 июнь балаларды қорғау күніне орай, 31 бала Шымкент қаласындағы зоосаябаққа саяхат жасады. Олардың ішінде бөлімнен қызмет алатын мүгедектігі бар балалар, аз қамтамасыз етілген және пробация қызметі есебінде тұратын отбасылардың балалары бар.
Төлеби ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 1 маусым – Балаларды қорғау күні мерекесіне арналған жоспарына сай, бөлімнен қызмет алушы он екі баланы рухани астанамыз Түркістан қаласына демушілер есебінен саяхаттады. Балалар аналарымен және әлеуметтік қызметкерлермен бірге Түркістан қаласының көрікті жерлерін аралады.
1-Қазан қаттар мен мүгедектер күніне орай әлеуметтік көмек көрсетіліп мерекелік дастархан жайылды.
Ауданда «Жарқын–өмір және Тең қоғам» мекемесінде 02.10.2024 жылы қарттар күніне орай аудан әкімінің орынбасары Б.Т.Құралбаевтың қатысуымен 40 шақты орталыққа келушілер арасында мерекелік спорттық, сауықтыру іс шаралары ұйымдастырылып мерекелік дастархан жайылып сый сияпаттармен 11 белсенді қатысушыларға қоса мақтау қағаздары табысталып іс-шара соңында аудандық мәдениет сарайының әншілері концерттік және сахналық қойылымдар қойды.
«Қарттарым аман жүрсіңбе» іс-шарасы ұйымдастырылып жүз жастан асқан қарияларды құттықтауды аудан әкімінің орынбасары С.Дүйсебаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Шыңғысбаев бастаған топ 100-ге келген және жүзден асқан 27 қарттарға демеушілерді тарта отырып сый сияпаттар табыстап жергілікті бюджет есебінен екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (әр адамға 7384 теңге) жалпы 199,3 мың теңге материалдық көмек қаржылай есеп шоттарына аударылды.
Одан бөлек психолог мамандар тарапынан әлеуметтік – психологиялық қолдау көрсетілді.
2024 жылдың 2 тоқсанында Рамазан айының және Айт мерекесінің құрметіне демеушілер есебінен жалпы 10 отбасыға азық-түлік (ұн, ет, май, күріш,т,б) түрінде жылпы құны 300 000 мың теңгенің көмегі көрсетілді.
2024 жылдың 1 желтоқсан айына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалуына байланысты бүгінгі күні 427 отбасының 2363 адамына 219816,5 мың теңге тағайындалып. Оның ішінде – шартты 283 отбасының 1707 адамына 104238,0 мың теңге, шарттсыз 173 отбасының 782 адамына 115578,5 мың теңге тағайындалып, жалпы 182721,0 мың теңгесі төленді.
2024 жылдың 1 желтоқсан айына бір жастан алты жасқа дейін 5538 теңгеден 381 отбасының 792 балаға кепілдірілген әлеуметтік пакеттін орнына қаржыдай 29888,6 мың теңгені тағайындалып, 27263,6 мың теңгесі төленді.
Қамқорлық бағдарламасы бойынша бүгінгі күнге 19 азаматтың (қамқорлық бағдарламасына қатысушы 2 азамаша дүниеден өтті, бір отбасы өз еркіммен бас тартты (өтініші бар)) 19 азаматына азық – түлікпен 1410,4 мың теңгеге көмек және қаржылай 645,0 мың теңге жалпы 2155,4 мың теңгеге көмектер берілді.
2024 жылға Пробация қызметінің есебінде тұрған және түзеу мекемелерінен босатылған адамдарды қайта әлеуметтендіру мақсатындағы іс-шараларды атқаруға әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс шеңберінде үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктерді тартумен аудандық әкімшіліктен 2024 жылдық бюджеттен қаражат бөлу сұратылып, жергілікті бюджет қаражаты есебінен 1 000 000 теңге қаражат бөлінді.
Бөлінген қаражат есебінен 2024 жылдың тамыз айында Пробация қызметі есебінде тұрған және түзеу мекемелерінен босатылған 20 азаматты Сайрам Өгем Ұлттық табиғи паркі аумағынан арнайы бір күндік саяхат ұйымдастырылып өткізілді.
Сотты болған азаматтар Сайрам-Өгем Ұлттық табиғи паркі және Төлеби ауданының туристік аймақтарын тамашалады. Іс-шараның мақсаты қоршаған ортаны қорғауға, патриоттық сезімдерін арттыруға бағытталды.
Спорттың кіші футбол түрінен арнайы жарыс ұйымдастырылып, жеңімпаз командаларға арнайы дипломдар мен ынталандыру сыйлықтары берілді. Іс –шаралар жоспарға сай, жыл соңына дейін жалғасады.
29 мамыр күні 1-маусым- балаларды қорғау күніне орай, пробация қызметі есебінде тұрған отбасылардың кәмелеттік жасқа толмаған 10 баласы, Шымкент қаласындағы зоосаябаққа саяхаттады.
Төлеби ауданының прокуратурасының бастамасымен 2024 жылдың тамыз айында «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып, пробация қызметі есебінде тұрған азаматтардың отбасындағы 5 балаға 80 мың теңге көлемінде мектепке арналған оқу құралдары берілді.
2024 жылдың қараша айында пробация қызметі есебінде тұрған 4 отбасының баласына 20 мың теңгеден 80 000 теңге қыстық киімдер берілді.
2024 жылы Материалдық көмекке пробация қызметі есебінде тұрған, аз қамтамасыз етілген 7 азамат құжат тапсырып, 73840 (20 АЕК) теңгеден 516880 теңгенің көмегі көрсетілді.
Пробация қызметі есебінде тұрған 5 отбасыға 2025 жылға жергілікті мерзімді баспасөзге жазылу жұмыстары ұйымдастырылды.
Новости Казахстана