Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторы тиісті жұмыс жасайтын мекемелер арасында меморандум жоспары түзіліп, бекітілді.
Меморандумның атқарушы органдардың 4 бағыты, 43 тармақшамен жұмыс жасайды.
Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторы аудан әкімімен 2024 жылға арналған жылдық іс-шара жоспары бекітіліп, жалпы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша 23 іс-шара өткізіліп, оған 1250 ата –аналар мен жастар қатысты.
Аудан әкімінің орынбасарымен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу бойынша 2024 жылға арналған медиа-жоспары бекітіліп, бекітілген медиа-жоспар бойынша Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Facebook әлеуметтік желісінде 23 материал жарияланып, аудандық «Ленгір жаршысы» газетіне -16, «Төлеби таңы» газетіне -1 мақала жарық көрді.
2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 321 отбасымен жұмыс жасалынды, оның ішінде аудандық полиция бөлімінің 102 номеріне тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген (күйеуі, енесі, қайнатасы, қайнысы, әпкесі) 209 отбасы хабарласып, оның 88 отбасы өзара татуласқан, «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторына көмек сұрап келген 129 отбасы, оның ішінде құқықтық – 8 психологиялық – 200, әлеуметтік көмек – 25 тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларға азық-түліктер мен киім кешектер берілді. Сектордың сүйемелдеуімен 6 отбасының некесі бұзылды.
Аудан аумағында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған 7 отбасы балаларымен Шымкент қаласындағы уақытша паналайтын «Көмек» дағдарыс орталығына 6 ай мерзімге жолдама арқылы жатқызылып, оларға психологиялық құқықтық көмек көрсетілуде.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында өткізіген іс-шаралар.
• Леңгір қаласы әкім аппаратының мәжіліс залында ислам шеңберіндегі психолог, психолог гештальт-терапевт, арт-терапевт, КОУЧ маманы, мативатор Доменко Марьяна Валерьевнамен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу және зорлық-зомбылық болған жағдайда стресстен шығу, жүрек тыныштығын қалыпқа келтіру мақсатында аудан тұрғындары, оның ішінде әйел азаматшаларымен семинар-тренинг өткізілді.
• Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлеуметтік – психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторының ұйымдастыруымен АПБ-нің жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция капитаны А.Боташева, сектор психологы А.Қалиева Киелітас ауылдық округіне қарасты «Сұлтан рабат» ЖББМ-де 11 сынып оқушылары арасында ҰБТ алдындағы дайындық, қобалжуды басу, стрессті жеңуге жол көрсету, жақсы көңіл күй сыйлау мақсатында семинар-тренинг өткізілді.
• Ленгір қаласы, Шахта-Тоғыс елді мекенінде орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 6698 әскери бөлім батальонының жеке құрамымен семинар-тренинг өтті.
• Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторының ұйымдастыруымен қасиетті жұма күні жомарт жанның демеушілік жасауымен көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған төрт отбасына барып, балаларға тәттілер сыйлап, азық-түліктер мен сойылған қой етін 4 отбасыға теңдей бөліп берілді.
• Бірінші мамыр ауылдық округіне қарасты «Төлеби отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ-нің 9-11 сынып оқушылары арасында жастар мен жасөспірімдердегі агрессивті мінез-құлықтың алдын алуға арналған «Агрессияны тоқтатыңыз» оқыту бағдарламасы, құқыққа қайшы әрекеттердің қайталануының алдын алу мақсатында семинар – тренинг өтті.
• Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің “Әлеуметтік – психологиялық сүйемелдеу қызметі” секторының психолог мамандары А.Арапбаева, А.Қалиева пробация есебінде тұрған азаматтар арасында психологиялық кеңеспен сауалнама жүргізіп, жеке психологиялық қабылдау жүргізді.
• Қазақстан халқы ассамблеясының “Қайырымдылық керуені” республикалық акциясы аясында өткізіліп жатқан игі іс шара жалғасын тапты. Демеушілер есебінен Зертас а/о, Көксәйек а/о көпбалалы отбасыларына көмек көрсетілді. Әр отбасыда төрт, бес және одан жоғары балалар бар. Барлық балаларға киім- кешек және ең қажетті азық-түлік берілді.
• Түркістан облысының білім басқармасының «2 арнайы мектеп интернаты» КММ-нің оқушылары арасында балалар мен жасөспірімдердегі зорлық-зомбылықтың, агрессивті мінез-құлықтың, алам саудасының, мәжбүрлі еңбектің алдын алу мақстында семинар – тренингі өтті.
• Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық – зомбылықты болдырмау мақсатында Төлеби аудандық “Саябақтары” КММ-нің қызметкерлері оның ішінде әйел азаматшаларымен семинар – тренинг өтті.
• Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің “Әлеуметтік- психологиялық сүйемелдеу қызметі” секторы жоспарға сәйкес аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, есепте тұрған жайсыз отбасылардың үйлерін аралау жұмыстарын ұйымдастырды. Бірнеше жайсыз отбасылардың жай- күйімен танысып, ішімдікке салынған отбасыларға ескертулер берілді.
• Түркістан облысында кәмелетке толмағандар арасында, сондай-ақ олардың ата-аналары мен ерте жүктілік пен суицидтің алдын алу бойынша, Түркістан облысы бойынша әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып, халық арасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары болған отбасыларға және жасөспірімдер арасында сексуалдық зорлық-зомбылық бойынша жұмыстарын жүргізіп келген “Сенім-ай” Қоғамдық бірлестігі Түркістан облысында кәмелетке толмағандар арасында, сондай-ақ олардың ата-аналары мен ерте жүктілік пен суицидтің алдын алу мақсатында, білім беру көмекші қызметтерін ұсыну” жобасы аясында білім беру мекемесінде сала мамандарының қатысуымен семинар өтті.
• 15 – мамыр отбасы күні қарсаңында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлеуметтік – психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторының ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде «Отбасы құндылықтары» тақырыбы аясында жас отбасылармен семинар – тренинг өтіп, жас отбасыларға неке куәліктерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.
• «Үміт» үйі дағдарыс орталығында 12 мамыр «Аналар күні» қарсаңында «АШЫҚ ЕСІК» күні ұйымдастырылды. Төлеби АПБ-нің ЖПҚБ әйелдерді зорлық -зомбылықтан қорғау тобының аға иснпекторы Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлеуметтік – психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторы отбасында тұрмыстық зорлық –зомбылықтың алдын алу бойынша келген үш анаға орталықтың атқаратын қызметі бойынша құқықтық, әлеуметтік психологиялық көмектер көрсетілетінін түсіндіріп көмектер беріліп, психолог маманы келген азматшалардан сауалнама алынып, жеке қабылдау жүргізіп, психологиялық көмектер көрсетілді.
• Акция жалғасын тауып Ленгір қалалық емханасында аналар күніне арналған ашық есік күні өтті. Емхана психологтары келген төрт анаға өз денсаулығына қатысты қандай да бір мәселе болса, ол сұрақтарға да жауап ала алатынын. Егер де, қандай да бір ауру анықталған болса, онда оны ары қарай қалай жүргізу керек, қандай тексерулерден өту керек сынды сауалдар негізінде жауаптар берілді.
• Төлеби аудандық прокуратурасы мен Түркістан облысының мәслихат депутаты Ғалымжан Елшібай мырзаның демеушілігімен 1 маусым балалар күні мерекесіне орай, 31 бала олардың ішінде бөлімнен қызмет алатын мүгедектігі бар балалар, аз қамтамасыз етілген және пробация қызметі есебінде тұратын отбасылардың балалары ата аналарымен бірге Шымкент қаласындағы зоосаябаққа саяхат жасады.
• «Үміт» үйі дағдарыс орталығында “Отбасындағы зорлық – зомбылыққа жол жоқ” акциясы аясында маусым айының 24-25 күндері аралығында «АШЫҚ ЕСІК» күні өткізілді.
• Облыс аумағында ағымдағы жылдың “Отбасындағы зорлық зомбылыққа жол жоқ!” акциясы аясында Қазақстан және КСРО халық әртісі Сабира Майқанованың 110 жылдығына орай, тәрбиелік мәні жоғары халықтық өнерді, салт-дәстүрді, мақал-мәтелдер мен жас сәбидің ақ әженің әлдиі мен жылы қамқорлығынан бастау алатындай әдет-дағдыларды жаңғырту, ұрпақ алдындағы парызымыз екендігін жеткізу, әжесінің ертегісін есітіп өскен баладан тәрбиелі ұрпақ шығатынын дәлелдеу мақсатында «Ақ орамал» Әжелер байқауы өтті.
• Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің “Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі” секторының ұйымдастыруымен Мектепке жол”акциясы аясында әлеуметтік аз қамтылған көп балалы 2 отбасының балаларына мектепке қажетті құрал жабдықтарымен киім кешектер үлестірілді.
• Қыркүйек айының екінші жексенбісінде Қазақстанда «Отбасы күні» атап өтіледі. «Отбасы күні» қарсаңында «Үміт» үйі дағдарыс орталығында тиісті сала маманадарының қабылдауымен «АШЫҚ ЕСІК» күні өткізілді.
• «Отбасы күні» қарсаңында «Үміт» үйі дағдарыс орталығында некеге тұруды жоспарлап жүрген ерлі зайыптылар арасында оқыту курстары өткізіліп, жас отбасыларға неке куәліктері табысталды.
• «Жарқын өмір Тең қоғам» және «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторының ұйымдастыруымен 1-қазан қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. іс- шараның негізгі мақсаты қарттарымызға психологиялық қолдау көрсету, көңіл – күйлерін көтеру, сергіту, жалғыз емес екендерін сездіру мақсатында семинар тренинг өткізілді.
• Төлеби ауданының білім бөлімімен бірлесе ұйымдастыруымен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында, оқушылар құқығын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау, жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында тиісті сала мамандарының қатысуымен Бірінші Мамыр ауылдық округіне қарасты
Әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебінде профилактикалық ауқымды іс-шара өткізілді.
• Түркістан көпсалалы – техникалық колледжінде “Отбасындағы зорлық – зомбылықтың алдын алу” тақырыбында іс-шара өткізілді. Шара барысында студенттерге бейнероликтер көрсетіліп, тренингтер өткізілді. Іс- шараны өткізудегі мақсат – уәкілетті органдар мен азаматтық қоғамның арасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу, өзара іс-қимыл жасау механизмінің қалыптасуына ықпал ету.
Новости Казахстана