«Алатау» лагерінде есірткіге қарсы іс-шара өтті

Төлеби ауданына қарасты Тасарық ауылдық округінде орналасқан «Алатау» жазғы сауықтыру лагерінде Түркістан облыстық полиция департаментінің есірткі қыомысына қарсы іс- қимыл басқармасының, аса маңызды істер жөнінде аға жедел уәкілі, полиция майоры Бимаханов Марат Асылханұлы мен есірткі құқық бұзушылығының профилактикасы жөніндегі кеңестің мүшесі, журналист Озипа Алтаева ханымның ұйымдастыруымен балаларға арналған есірткіге қарсы танымдық-тәрбиелік іс-шара өтті.

Шараға Түркістан Облысының Полиция Департаменті нің кинологиялық қызметкерлері
жасөспірімдермен ашық, тәрбиелік әңгіме жүргізді. Оның айтуынша, жастарды есірткіден қорғау – тек құқық қорғау органдарының емес, әрбір азаматтың, әрбір ата-ананың, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.

Балаларға есірткі құралдарының адам ағзасына тигізетін зияны, психологиялық және құқықтық салдары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, шара аясында кинолог мамандар арнайы үйретілген қызметтік иттердің көмегімен есірткі заттарын қалай анықтайтынын көрсетіп, нақты мысалдар келтірді. Балалар үшін бұл ерекше қызығушылық тудырған көріністердің бірі болды.

– Есірткінің жойқын әсерін тек теория жүзінде емес, нақты тәжірибе арқылы көрсету – балалардың бұл мәселеге деген көзқарасын түбегейлі өзгерте алады, – деді полиция қызметкерлері.

Шара барысында балалар мамандарға көкейдегі сұрақтарын қойып, құқықтық сауаттылықтарын арттыруға мүмкіндік алды.

Сонымен қатар жиын барысында балалар арасында спорттық жарыс өтіп, үздіктері марапатталды.

Мұндай алдын алу шаралары өскелең ұрпақтың бойына салауатты өмір салтын қалыптастыруға және зиянды әрекеттерден бойды аулақ ұстауға тәрбиелейді.

About The Author

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *