СҰМДЫҚ…

СҰМДЫҚ…
Бір мүсін – екі шарт. Бір басқарма -екі төлем. Бұл қалай болғаны, Азимхан Серикович?

Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасы 2023 жылдың аяғында Әмір Темірге арналған монументке 133 740 000 теңге жұмсапты.
Арада бір ай өтпей жатып, 2024 жылдың қаңтарында тағы 128 260 000 теңгеге дәл сол мүсінге ұқсас шарт жасалған.

Екі шарттың да сипаттамасы бірдей: мүсін, абаттандыру, жарық, гранит, қоладан құю, т.б.
Және бұл келісімдер ашық конкурс емес, бір көзден тікелей жасалған.

Сонда қалай?
Бір мүсінді екі рет жасадыңыздар ма, әлде бір рет жасап, екі рет төледіңіздер ме?
Бұл сұраққа жауап беруі тиіс Мәдениет басқармасының басшысы Азимхан Қойлыбаев мырза бүгінде осы миллиондаған қаржының заңдылығына жауапты тұлға.

Біз “е-Өтініш” арқылы ресми сұраныс жолдадық.
1414 арқылы “жауап дайын” деген СМС келгенімен, сайтқа кірсең – ешқандай жауап жоқ.
Бұл – бейберекет қызмет пе, әлде жауаптан жалтарудың жаңа әдісі ме?

Журналистік зерттеу жаңа басталды.
Әмір Темір мүсініне қатысты толық видео-материал әзірленіп жатыр.
Мүсінді кімдер жасады? Қайда құйылды? Қашан орнатылды? Бір мүсін бе, әлде екеу ме?
Алда бұның бәрі ашылады.

Бұл – жай ғана тарихи тұлғаға қойылған мүсін емес. Бұл – 260 000 000 теңге қаржы мен халықтың сенімі.
Сондықтан, біз:

  • ҚР ҰҚК Төрағасына
  • Бас прокуратураға
  • Ішкі аудит органдарына ресми тексеру жүргізу туралы өтініш дайындаудамыз.

Мемлекеттік сатып алу – жеке шешіммен емес, Заңмен басқарылуы тиіс.
Халық бюджеті – лобби құралы емес!

ӘмірТемір #МемлекеттікСатыпАлу #МәдениетБасқармасы #ТүркістанОблысы #ҚазақМүсін #ЖурналистікЗерттеу #ҚаржыҚайдаКетті #еӨтініш #ҚоғамдықБақылау

@актуальное

АзимханКойлыбаев

Akorda.news

Altyn Kopir Kz

About The Author

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *