КЕНТАУДА «ЕСІРТКІСІЗ ӨМІР – СПОРТПЕН БІРГЕ» АТТЫ ФУТБОЛ ЖАРЫСЫ ӨТТІ
Кентау қаласында жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, бұқаралық спортты дамытуға және есірткінің зияны туралы түсіндіру жұмыстарын күшейтуге бағытталған «Есірткісіз өмір – спортпен бірге» атты футбол жарысы өтті. Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өткен спорттық іс-шара қаладағы «Динамо» стадионында ұйымдастырылды. Жарыстың негізгі мақсаты – жастар арасында нашақорлық пен есірткі бизнесінің заңсыз айналымының алдын алу,…