САУРАН АУДАНЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ПЫСЫҚТАЛДЫ
Сауран ауданында елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, қоғамдық орындардың тазалығын қамтамасыз ету, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру және абаттандыру жұмыстарын жүйелі жүргізу бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық мәжілісте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының аудан аумағында іске асырылу барысы арнайы қаралды. Аппараттық мәжілісте ауданның әлеуметтік-экономикалық және санитарлық жағдайына қатысты…