ТӨЛЕБИЛІК СПОРТШЫЛАР – ЕЛ НАМЫСЫН АСҚАҚТАТҚАН ЖЕҢІМПАЗДАР
Спорттағы жеңіс – спортшының жеке жетістігі ғана емес, ел мерейін үстем етіп, жас ұрпақтың бойында Отанға деген мақтаныш сезімін қалыптастыратын маңызды құндылық. Халықаралық аренада Қазақстанның атынан сынға түсіп, көк байрақты биікке көтерген әрбір спортшының жеңісі туған жердің де абыройын асқақтатады. Осы тұрғыда Төлеби ауданының спортшылары халықаралық додаларда жоғары нәтижелер көрсетіп, Қазақстанның спорттық беделін нығайтуға үлес…