ӘСКЕРИ БОРЫШТАН ЖАЛТАРҒАНДАРҒА ЗАҢ ТАЛАБЫ ҚАТАҢ
Отан қорғау – ел азаматтарына жүктелген маңызды міндеттердің бірі. Мемлекеттің қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтау, туған жердің тұтастығын қорғау – азаматтық жауапкершілік пен елжандылықтың нақты көрінісі. Әсіресе жас буынның бойында Отан алдындағы борышқа адалдықты, тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастырудың қоғамдық маңызы зор. Төлеби ауданында көктемгі әскерге шақыру науқаны аясында жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға және әскери міндетті орындауға…