ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПЕН БІЛІМ: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ӨЗЕКТІ МІНДЕТТЕР САРАЛАНДЫ

🇰🇿Бүгін Төлеби ауданы әкімдігінің конференц залында аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиевтың төрағалығымен кеңейтілген жиын өтті.
Іс-шара барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы кеңінен талқыланды.

✅Бағдатбек Пердебайұлы Жолдаудың негізгі бағыттарына тоқталып, атап айтқанда цифрлық трансформация, жасанды интеллектті дамыту, білім беру мен еңбек нарығын жаңғырту мәселелерін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, аудан көлемінде Жолдауда қойылған міндеттерді іске асыру бойынша нақты жоспарлар ұсынылды.

📍Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы – еліміздің болашағына бағытталған стратегиялық құжат. Әсіресе, жасанды интеллект пен цифрлық трансформацияны білім беру және мәдениет салаларына енгізу мәселесі – уақыт талабына сай батыл қадам деп санаймын. Президентіміз атап өткендей, сапалы білім мен ұлттық құндылықтарға негізделген мәдени тәрбие – ел болашағының кепілі. Біз, аудан деңгейінде, білім беру мекемелерін жаңа технологиялармен қамтамасыз етіп, ұстаздардың цифрлық сауаттылығын арттыруды басты міндетіміз деп білеміз. Сонымен қатар, мәдениет ошақтарын жаңғыртып, жастардың рухани дамуына жол ашатын жобаларды іске асыруға күш саламыз. Бұл Жолдау – жаңа дәуірге сенімді қадам жасауға берілген мүмкіндік, – деді аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев.

📌Жиын соңында қатысушылар Жолдаудың мазмұнына қатысты өз ойларын ортаға салып, талқыланған мәселелер бойынша ұсыныстарын білдірді.

©️Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *