🇰🇿1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай, Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Жарқын өмір, тең қоғам» секторында «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік жиын өтті.
✅Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев қатысып, жиналған қарияларды мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
📌 Сіздердің парасатты ақыл-кеңестеріңіз, өмірлік өнегелеріңіз – біз үшін баға жетпес қазына. Ел дамуына қосқан зор үлестеріңіз әрдайым ел жадында. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы амандығы мен шуақты күндер тілеймін! – деді Бағдатбек Пердебайұлы өз құттықтау сөзінде.
✅Салтанатты шара барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі мен ел игілігі жолындағы қажырлы еңбегі үшін бірқатар ардагерлерге Алғыс хаттар табыс етілді. Сонымен қатар, «Жарқын өмір, тең қоғам» секторында қызмет алушы қарияларға арналып мерекелік дастархан жайылып, көңілді отырыс ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қарияларға құрмет көрсетіліп, ән-шашу ұсынылды. Қарттарды ардақтау – ұлттық дәстүр, ұрпаққа аманат.
©️Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі







