РУХАНИ КЕЛІСІМ – ТАТУЛЫҚТЫҢ ТІРЕГІ

🇰🇿 Төлеби ауданында қасиетті Мәуліт мерекесі биыл оныншы жыл қатарынан ерекше сән-салтанатпен аталып өтті.
Игі дәстүрге айналған бұл рухани шара «Millennium» дәмханасында ұйымдастырылып, көпшілікке тағылымы мол, жүрекке жылы әсер қалдырды. Басқосуда екі дүниенің сардары Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с.) салауаттар айтылып, оның көркем мінезі мен парасатты ғұмыры жайында өнегелі әңгімелер өрбіді.

✅ Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров мерекелік жиынға арнайы қатысып, дін мен дәстүрді ұштастырып, рухани құндылықтарды насихаттап жүрген азаматтарға Алғыс хат табыстады.

📌 Асыл дінімізді ақылмен, біліммен және парасатпен тану – әрбір мұсылманның міндеті. Мұсылмандықты көркем мінез, қайырымдылық және адамгершілік арқылы көрсете білейік, – деді аудан басшысы.

✅ Мәуліт мерекесінде елге еселі еңбегімен танылған азаматтарға Біркөлік шипажайына жолдама табысталды. Бұл ізгі дәстүр әр мерекеде жалғасып, ел арасындағы сыйластық пен ізгілік байланысын нығайтып келеді.

✅ Мерекеге аудан имамы Анарбаев Самат жетекшілік жасап, жиналған қауымға уағыз-насихат жүргізді. Мәуліт маңызын түсіндірген ұстаз Арыстан Оспанов қатысушыларға рухани тәрбие берді.

✅ Келесі жылғы Мәуліт шарасына эстафета табысталып, Умра сертификаттары ауданның бас имамы Үсен Саурбаев тарапынан берілді.

📍 Мәуліт — жүректерге иман шуағын себетін, адамгершілік қасиеттерді дәріптейтін, қоғамды бірлікке үндейтін мейрам. Шара соңында қатысушылар бір-біріне ізгі тілектерін айтып, имандылыққа негізделген пікірлерімен бөлісті.

©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *