🔊АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІНЕ ОРАЙ «AGROFEST TÚRKISTAN – 2025» САЛТАНАТТЫ ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ

✔️Бүгін Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде ҚР «Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне арналған «AGROFEST TÚRKISTAN – 2025» салтанатты іс-шарасы өз бастауын алды.

✔️Аймақтың аграрлық әлеуетін кеңінен танытатын фестиваль аясында 300 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері қамтылған ірі жәрмеңке ұйымдастырылды. Өңірдің барлық аудан-қалалары өз өнімдерін ұсынған көрменің мақсаты – жергілікті шаруалардың еңбегін дәріптеу, сапалы өнімдерді тұтынушыға тікелей жеткізу және ауыл шаруашылығы саласының дамуын кеңінен насихаттау.

✔️Сауран ауданы да жәрмеңкеге белсенді қатысып, аумақтағы шаруа қожалықтар өндіретін бірнеше түрлі өнімдерді ұсынды. Көрмені аралап, ұсынылған өнімдермен танысу үшін Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров арнайы қатысты. Әкім жергілікті шаруалардың еңбегіне жоғары баға беріп, өңірдің аграрлық саласын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *