🔊ЖАҢА КЕШЕН ПАЙДАЛАНУҒА ЖАҚЫН: АУДАН ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров жұмыс сапарымен Бабайқорған ауылдық округіне барып, пайдалануға беруге жақындаған әлеуметтік маңызы бар Мәдениет үйінің соңғы дайындық жұмыстарын тексерді.

Жалпы аумағы 860,7 шаршы метрді құрайтын нысанда қазір ішкі әрлеу, инженерлік жүйелерді жүргізу, есік-терезе орнату және аумақты абаттандыру жұмыстары қарқынды атқарылуда. Құрылысты «DAT Construction» ЖШС жүзеге асыруда, ал техникалық және авторлық қадағалау тиісті мекемелер тарапынан жүргізіліп отыр.

Аудан басшысы нысанды аралау барысында құрылыс сапасына, мердігердің жұмыс кестесін сақтауына және қауіпсіздік талаптарының орындалуына ерекше назар аударды. Сонымен қатар, мердігер ұйымға нысанды белгіленген мерзімде әрі жоғары сапада тапсыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.

©️ Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *