Сауран ауданында жауын-шашын кезінде орын алуы мүмкін су тасқыны қаупінің алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып жатыр. Аудан аумағындағы су өтуі мүмкін учаскелерді зерделеу, көміліп қалған арықтарды аршу және су ағатын арналарының өткізу қабілетін арттыру бойынша арнайы іс-шаралар жүргізілуде.
Ауылдық округтер аумақтарындағы арық-атыздарды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр, бұл өз кезегінде судың табиғи ағымын реттеуге және жергілікті инфрақұрылымның қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қауіпті аймақтарда беткейлік сарқынды сулардың тұрғын үйлер мен қора-жайларға келтіретін ықтимал зиянын азайту үшін арнайы инженерлік жұмыстар жүзеге асырылуда. Алдағы уақытта да су тасқыны қаупі бар аумақтарда алдын алу шаралары жоспарлы түрде жалғасын табады.
©️ Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі






