🔊ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, Сауран ауданы әкімі аппаратының әкімшілік және ақпараттық қауіпсіздік бөлімі тарапынан Сауран ауданының білім бөлімінің «А.Байтұрсынов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қоғамдық бақылау жүргізілді.

Бақылау барысында мектепке дейінгі ұйымдарға және балаларды қабылдауға арналған құжаттар тізбесі мен өтініш үлгісі бейнеленген ақпараттық стендтердің жай-күйі, білім алушылардың жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру барысы, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдайлардың (пандус, автотұрақ) қамтамасыз етілуі тексерілді.

©️Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *