Ағымдағы жылдың 11 айында «AMANAT» партиясының Сауран аудандық мәслихат депутаты, мәслихат төрағасы Сержан Ермекбайұлы жергілікті атқарушы органдарға 51 депутаттық сауал жолдады. Оның 39-ына жауап беріліп, орындалды, ал 12 сауалдың орындалуы жалғасуда.
Жолданған сауалдар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жол құрылысы, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария, интернет және қаржы салаларындағы 67 өзекті мәселені қамтыды.
Төраға партия филиалымен бірлесе отырып, ауданның 12 ауылдық округінде есептік кездесулер мен көшпелі қоғамдық қабылдаулар өткізіп, 75 азаматтың өтінішін қабылдады. Көтерілген мәселелер бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Нәтижесінде республикалық бюджеттен қаржыландыруға 36 жоба жолданды. Оның ішінде:
электрмен қамту – 25 жоба;
табиғи газбен қамту – 7 жоба;
спорт нысандары – 3 жоба;
ауыз су жүйесі – 1 жоба.
Сонымен бірге партияның бастауыш ұйымдарымен бірлесе отырып, әлеуметтік бағыттағы бірқатар жобалар жүзеге асырылды:
«Жер аманаты» – 2025 жылға жоспарланған 60,0 мың гектардың 56,2 мың гектары айналымға енгізілді;
«Бақытты отбасы» – әлеуметтік аз қамтылған 15 отбасыға көмек көрсетілді;
«Ардагерлерді ардақтайық» – 15 іс-шара ұйымдастырылып, 100 жастан асқан тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді;
1 маусым – Балаларды қорғау күні аясында 200 балаға тәтті сыйлықтар табысталды;
«Кедергісіз келешек» – мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесулер өткізіліп, аудан нысандарына қолжетімділік бойынша зерделеу жүргізілді;
«Балаларды мектепке даярлайық» – 300-ге жуық оқушыға мектеп құралдары мен спорттық киімдер берілді;
«1 айда 1 кітап» – мектептерде кітап оқу мәдениетін насихаттау жұмыстары жүргізілді.
Жалпы атқарылған барлық жұмыс аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға, ауылдық аймақтардың инфрақұрылымын дамытуға және әлеуметтік қолдауды күшейтуге бағытталды.
САУРАН АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ С.БАЙСБАЕВТЫҢ 11 АЙДА АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ