Ауданның жалпы жер көлемі 646 мың гектарды құрайды. Оның ішінде:
- Ауыл шаруашылығы мақсатында — 312 мың гектар;
- Суармалы жер — 56 мың гектар;
- Жайылым жерлер — 257 мың гектар.
Ауданда 4681 агроқұрылым өкілдері жұмыс атқаруда.
Заңды тұлға – 133;
Шаруа қожалықтар – 4250;
Жеке кәсіпкерлер – 298.
Жалпы аудандағы заңды тұлғалар саны – 133. Оның ішінде:
Өсімдік шаруашылығы – 59;
Мал шаруашылығы – 13;
Аралас ауыл шаруашылығы – 26;
Балық шаруашылығы – 2;
Су таратушы кооперативтер – 33.
2025 жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнімі көлемін 102,0 млрд. теңгеге жеткізуді жоспарлап отырмыз. 10 айдың қорытындысымен 94,7 млрд. теңге өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі – 104,1% құрады.
Оның ішінде: — мал шаруашылығы өнімі – 17,9 млрд.тг (116,3%)
— өсімдік шаруашылығы өнімі – 76,8 млрд.тг (101,3%)
Ағымдағы жылы 45 874 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді.
| № | Дақыл түрі | Егілгені, га | Жиналғаны, га | Түсімі, цн/га | Алынған өнім, тн |
| 1 | Бидай | 4 329,0 | 4 329,0 | 30,0 | 12 987 |
| 2 | Дәндік жүгері | 2383,9 | 2389,9 | 60,0 | 14 336 |
| 2 | Картоп | 535,4 | 535,4 | 300,0 | 16 062 |
| 3 | Бақша | 6 185,1 | 6 185,1 | 320,0 | 197 923 |
| 4 | Майлы дақылдар | 539,5 | 539,5 | 20,0 | 1079 |
| 5 | Көкөніс | 2 594,2 | 2 594,2 | 310,0 | 80 420 |
| 6 | Мал азықтық дақылдар | 17 331,4 | 17 331,4 | 72,0 | 124 786 |
| 7 | Мақта | 11 975,6 | 11 975,6 | 37,1 | 43 552 |
| Барлығы: | 45 874,1 | 45 388,2 | 491 145 | ||
Бүгінгі таңда, өнімдер толығымен жиналып, 491,1 мың тонна өнім алынды.
Жеміс-жидектер мен жүзім толығымен жиналып, 37,8 мың.тонна өнім алынды.
| № | Дақыл түрі | Егілгені, га | Жиналғаны, га | Түсімі, цн/га | Алынған өнім, тн |
| 1 | Жеміс-жидек | 3 585 | 3 585 | 70,0 | 25 095 |
| 2 | Жүзім | 1 597 | 1 597 | 80,0 | 12 776 |
| Барлығы: | 5 182 | 5 182 | 37 871 | ||
Ауыл шаруашылығы техникалары паркін жаңалау мақсатында 136 бірлік техника сатып алу жоспарланып, бүгінгі күнге 112 жаңа техника алынып, орындалуы 82,3%-ды құрады.
(Ауданда соңғы 4 жылда – 317 жаңа техника сатып алынды. Оның ішінде:
2021 жыл – 59 техника;
2022 жыл – 35 техника;
2023 жыл – 93 техника;
2024 жылы – 130 техника)
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Есепті кезеңде мал басы саны 426 888 басты құрады. Ал, құс саны 180 007 басты құрайды.
| № | Ауыл шаруашылығы жануарларының атауы | Мал басы саны |
| 1 | Ірі қара мал | 69 956 |
| 2 | Жылқы | 24 062 |
| 3 | Қой | 310 703 |
| 4 | Ешкі | 17 996 |
| 5 | Түйе | 4 171 |
| 7 | Құстар | 180 007 |
| Барлығы: | 606 895 | |
2025 жылғы 10 айда мал шаруашылығы өнімінің негізгі түрлерінің өндірісі бойынша: 8645 тонна — ет,
21 542 тонна – сүт, 13 млн. 670 мың дана жұмыртқа өндірілді.
| № | Өнімдердің аталуы | Барлығы | Оның ішінде: | ||
| Шаруа қожалықтар | Үй іргелік | Заңды тұлға | |||
| 1 | Ет өндіру (тн) | 8 645,5 | 1 263,4 | 3 824,8 | 3 557,3 |
| 2 | Сүт өндіру (тн) | 21 542 | 375,4 | 18 988,7 | 2 177,8 |
| 3 | Жұмыртқа өндіру (мың.дана) | 13 670,4 | 9 090,8 | 4 579,6 | |
Мал азығы бойынша: 384 мың тонна қажет етеді. Бүгінгі таңға, 386 мың тонна мал азығы жиналып, 100,3% құрады. (Оның ішінде: Сабан – 5 мың.тн, Пішендеме – 30 мың.тн, Табиғи шөп – 260 мың.тн, Жоңышқа – 60 мың.тн, Сүрлем-30 мың.тн)
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылатын жылдық инвестиция көлемі 17,0 млрд. теңге болса, 10 айдың қорытындысымен – 13,8 млрд. теңге инвестиция тартылды.
Бұдан бөлек, қазіргі таңда іске асырылып жатқан 7 ірі инвестициялық жобаларымыз бар. Атап айтқанда:
1) «Мырзахан» ШҚ (Бабайқорған а/о) 10 000 бас ірі қараға арналған мал бордақылау алаңы, жоба құны – 8,0 млрд. теңге;
2) «Әл-Береке» АШӨК (Оранғай а/о) 10 мың бас уақ малға арналған мал бордақылау алаңы, жоба құны – 1,0 млрд. теңге;
3) «Әл-Береке» АШӨК (Оранғай а/о) сиымдылығы
2000 тонналық көкөніс сақтау қоймасы, жоба құны –
0,5 млрд.тг;
4) «БНК Агро» ЖШС – 1200 басқа арналған тауарлы сүт ферма құрылысын кеңейту және 600 бас ІҚМ әкелу, жоба құны – 1,0 млрд. теңге.
5) «Eco-Chiken» ЖШС (Шаға а/о) ет бағытындағы құс фермасы, жоба құны – 2,5 млрд. теңге;
6) «Талифа» ЖШС (Шаға а/о) құрғақ өнімдер қоспасын өндіру зауыты,жоба құны – 2,0 млрд. теңге;
7) «Дидар» ШҚ (Шаға а/о) өндірістік жылыжай кешені, жоба құны – 1,1 млрд.теңгеге іске асырылады деп күтілуде.
Сонымен қатар, мал шаруашылығын дамыту бағытында 12 ауылдық округтен – 231 гектар жер белгіленді. Әр шаруаға 50 соттықтан жер бөлініп, малшы үйі, мал бордақылау алаңы және орталық мал сою бекеттері құрылады.
Қазіргі таңға 196 мал бордақылау алаңдары белгіленіп, 37 шаруа қожалығы құрылыс жұмыстарын бастады.
Су үнемдеу технологияларын 2677 гектарға ендіру бойынша жоспарланған. Қазіргі таңда 3150 гектар жерге су үнемдеу технологиясы орнатылып, жоспар 117,6% құрап отыр.
Оның ішінде:
- Тамшылатып суару – 1070 га.
- Жаңбырлатып суару – 2080 га.
| № | Шаруа қожалығы | Тәсілі | Дақыл түрі | Аумағы (га) | Қаржысы (млн.тг) |
| 1 | «Жанболат» ШҚ | жаңбырлатып суару | жоңышқа | 800 | 1280 |
| 2 | «Мусабеков Қуаныш» ШҚ | жаңбырлатып суару | жоңышқа | 580 | 928 |
| 3 | «АгроХолдинг Түркістан» ЖШС | жаңбырлатып суару | жоңышқа | 700 | 1120 |
| 4 | ЖК «Датқа» | Тамшылатып суару | мақта | 120 | 200 |
| 5 | «ИС Жангир» ЖШС | Тамшылатып суару | мақта | 400 | 640 |
| 6 | «Гүлнұр» ШҚ | Тамшылатып суару | мақта | 350 | 560 |
| 7 | «Тәуекел агро» ШҚ | Тамшылатып суару | қарбыз | 200 | 320 |
| Барлығы | 3 150 | 5 048 |
Аудан бойынша балық шаруашылығында жылына
570 тонна балық өнімдері өндіріледі. Бұл өз кезегінде Түркістан қаласы мен аудан халқының балық қажеттілігіне деген сұранысын қамтамасыз ете алмайды.
Осы бағытты дамыту үшін Теке елді мекенінен
28 гектар жер бөлінді. Электр бағаналары тартылып,
12 бассейн қазылды. Құрылыс жұмыстарын аяқтаған 1 кәсіпкер бассейнге 30 мың дана шабақ тастады.
Бұдан басқа Қарашық және Шорнақ ауылдық округтерінен 2 бассейн қазылды. Бұл жұмыс әрі қарай өз жалғасын табады.