ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ 2025 ЖЫЛДЫҢ 6 АЙЫНДА

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ

Сауран ауданының жер санаттары бойынша МӘЛІМЕТ:

Жер санаттары төмендегідей бөлінген:

1.Сауран ауданының жалпы  жер көлемі – 646077,41 га;

2.Ауылшаруашылығы мақсатында бөлінген жерлер – 312341;

Оның ішінде: Жайылым жерлер — 243518 га;

                     Суармалы жерлер — 51516 га;

3. Елді-мекен жерлері – 66806 га;

4. Өнеркәсіп, көлік, қорғаныс және өзгеде жерлері – 6440 га;

5. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер – 5000 га;

6. Орман қоры жерлері – 66145 га;

7. Су қоры жерлері – 1937 га;

8. Босалқы жерлері – 184780 га;

САУРАН АУДАНЫ АУМАҒЫНДА ОРТАҚ ЖАЙЫЛЫМ

 ЖЕРЛЕРДІ ҚАЙТАРУ БАРЫСЫ

Сауран ауданында бүгінгі күнге дейін ортақ жайылымға алынған жер көлемі 55 мың га;

  •  Ортақ жайылымға нақты қолда бар  сәйкестердіру құжаты  (гос акт) 32,8  мың га;
  •  Елді мекен жайылымы үшін ауылдық округтің теңгеріміне бекітіліп берілгені 29,8 мың га құрайды.

САУРАН АУДАНЫ БОЙЫНША ИГЕРІЛМЕЙ ЖАТҚАН ЖЕРЛЕРДІ ТҮГЕНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ

Сауран ауданы әкімінің 2025 жылдың 07 наурызында №23 н/қ өкіміне сәйкес құрылған жұмысшы топпен жайылым жер учаскелерін түгендеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде ИСЖ базаға мал басы тіркелмеген пайдаланбай отырған 37 989,0 га жер учаскесі анықталып, Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментіне өз құзыреті шегінде шара көру үшін актіленіп  жолданда.

АУЫЛ ОКРУГТЕРДІҢ ЕЛДІ МЕКЕН ШЕГІНДЕ ӨЗ БЕТІНШЕ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫП ЖЕР ЗАҢНАМАСЫН БҰЗА ОТЫРЫП ПАЙДАЛАНЫП ЖАТҚАН ЖЕРЛЕРДІ ЗАҢДАСТЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ

Сауран ауданы бойынша өз бетінше тұрғын үй салып пайдаланып жатқан жалпы 1052 жер пайдаланушы анықталып, Сауран ауданының прокуратурасы тарапынан 2025 жылың 14 ақпанында №2-12-25/00189 санды ұсынысы негізінде жер учаскелерін заңдастыру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Осыған байланысты, жер учаскесін заңдастыру Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментінің құзыретіне енгізілген.

2025 жылдың 9 айында 412 жер учаскелеріне әр азаматқа айыппұл салынып, құжаттары рәсімделуде.

ЖЕР УЧАСКЕСІН МЕМЕЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРУ БОЙЫНША ҚОЙЫЛҒАН ЖОСПАР

2025 жылға Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы тарапынан 11,0 мың га жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтарып ортақ жайылымға алу жоспары қойылған. Оның 9 айдың жоспары бойынша тапсырманың 9 мың га жер учаскесі (162 жер пайдаланушының) мемлекет меншігіне алынып анраулы қорға қайтарылды.

ЖАЙЫЛЫМ ЖОСПАР

Аудан бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы Сауран аудандық маслихатының 15.07.2025 жылғы №260 шешімімен қабылданды.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРІСТІН ЖҮРГІЗУ ҮШІН УАҚЫТША ӨТЕУЛІ ЖЕР ПАЙДАЛАНУ (жалға алу) ҚҰҚЫҒЫН БЕРУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1 тармақшасына сәйкес, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс 2025 жылдың 28 мамырында Бабайқорған ауылдық окургі бойынша 38 лот өткізіліп, 36 жеңімпаз анықталды. Жалпы алаңы 518,0 га құрайды. 

Бұдан бөлек, Шаға, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал, Үшқайық, Иассы, Оранғай, Қарашық және Жүйнек ауылдық округтерінің мемлекеттік арнайы қор жерінен 220 лот іс құжаттары дайындалып, ағымдағы жылдың желтоқсан айында ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс өткізу жоспарлануда.

ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН ЖАЛДАУ ҚҰҚЫҒЫН САТУ БОЙЫНША САУДА САТТЫҚТА (аукцион) САТЫЛҒАН ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІ ТУРАЛЫ 

2025 жылы Үшқайық ауылдық округінен жалпы алаңы 0,50 га «монша құрылысы үшін» аукцион негізінде 1 жер учаскесі ойнатылып, 2,25 млн теңге  бюджет есебіне түсім түсті.

ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНАН ЖЕР УЧАСКЕСІН САТУДАН

303-101 КОДЫНА ТҮСЕТІН ТҮСІМДЕР ТУРАЛЫ

2025 жылдың жоспары бойынша 507,0 млн теңге тапсырма берілген. Қазіргі таңда, 360,0 млн теңге түсім түсіп, жоспар 71 % орындалды.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *