✔️Бүгін Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров жұмыс бағдарламасы аясында Оранғай ауылдық округіне барып, бірқатар нысандардың жай-күйімен танысты. Сапар барысында Спорт кешендерінің жұмысы мен материалдық базасы көріліп, тұрғындар үшін жасалып жатқан мүмкіндіктер кеңінен қаралды. Сонымен қатар округтегі Мәдениет үйінің қызметі мен инфрақұрылымдық жағдайына назар аударылып, қажетті мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
✔️Аудан басшысы сондай-ақ салынып жатқан ойын алаңшаларының құрылыс сапасын бақылап, балалардың қауіпсіздігі мен ыңғайлылығы бірінші кезекте ескерілуі тиіс екенін атап өтті. Мердігер ұйымдарға жұмысты белгіленген стандарттарға сай аяқтау жөнінде нақты міндеттер жүктелді.
✔️Сапар Қосқорған елді мекенінде жалғасын тауып, мұнда жол жиегін көгалдандыру мақсатында егілген ағаш көшеттерінің жай-күйі тексерілді. Әкім жасыл аймақты сақтау мен қорғау үшін орнатылып жатқан арнайы қоршаудың сапасын да қарап, жұмыстың уақытылы әрі дұрыс орындалуын тапсырды.
©️Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі



