САУРАН АУДАНЫНДА 5000 ТҮП АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

✔️Сауран ауданында күзгі ағаш егу маусымы аясында Шаға ауылдық округінде ауқымды экологиялық акция ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты — өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту, көгалдандыру жұмыстарын күшейту және жасыл аймақ аумағын кеңейту. Акция барысында 5000 түп қара ағаш көшеті отырғызылды.

✔️Ағаш отырғызу жұмыстарына Сауран ауданы әкімінің орынбасары Әлімжан Сихымбай, ауданның дербес бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлері, 12 ауылдық округ тұрғындары қатысты. Қатысушылар ауданның жасыл белдеуін қалыптастыруға өз үлестерін қосты.

✔️Көшеттер Шаға ауылдық округіндегі С.Қожанов көшесінің 6 шақырымдық аумағына егілді. Жұмыстарды орындау үшін 4 арнайы техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, көшеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы қоршаулар орнатылды. Экологиялық акцияға 1500-ге жуық тұрғын қатысты.

✔️Сауран ауданында көгалдандыру және абаттандыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасады. Алдағы уақытта аудан экологиясын жақсартуға бағытталған кешенді жобалар жүзеге асырылатын болады.

©️ Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *