БАБАЙҚОРҒАНДА ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

✔️Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен Бабайқорған ауылдық округінде халықпен есеп беру кездесуі өтті. Кездесуде аудан әкімі Мақсат Асылбекұлы 9 айда аудан көлемінде атқарылған жұмыстардың нәтижелері жөнінде баяндама жасап, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, білім, мәдениет және абаттандыру салаларындағы негізгі жетістіктер мен алда тұрған міндеттер айтылды.

✔️Мақсат Таңғатаров өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында билік пен халық арасындағы ашық диалогты қамтамасыз ету, тұрғындармен тікелей байланыс орнату маңызды екенін атап өтті.

✔️Кездесу барысында аудан әкімі тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелер мен ұсыныстарға назар аударып, әрбір сауалға нақты жауап берді. Бабайқорған ауылдық округінің әкімі Жасұлан Мыңтаевта 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы есебін ұсынды. Кездесу қорытындысында айтылған барлық ұсыныстар мен өтініштер бақылауға алынып, шешімін табу мақсатында жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

©️Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *